Өңірлер

Павлодарда өрт шыққан үйден алты адам құтқарылды

© Sputnik / Владислав Водневжедел жәрдем көлігі
жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Павлодарда өрт шыққан үйден алты адам құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өрт 19 наурызда Павлодар қаласы Гагарин көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында шыққан. Бір бөлмелі пәтерде 8 шаршы метр аумақта үй заттары, жиһаз жанғаны анықталды.
Өрт сөндіру барысында 1985 жылы туған пәтер иесі құтқарылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Пәтер ішінен барлығы алты адам құтқарылды, оның ішінде екі бала бар. 11 адам эвакуацияланды, екеуі - бала.
Өрт 00:27-де толығымен сөндірілді. Алдын ала себеп – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Шығын анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0