https://sputnik.kz/20220320/oralda-eskalator-sabi-23646612.html
Оралда эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды
Оралда эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Сәби 13 наурыздан жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды 20.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-20T09:01+0500
2022-03-20T09:01+0500
2022-03-20T09:05+0500
өңірлер
орал
эскалатор
сәби
https://sputnik.kz/img/506/15/5061582_0:96:1921:1176_1920x0_80_0_0_49ab0816c337285f5922ed940f368d79.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Орал қаласында эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды.Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби 19 наурыз күні есін жимастан қайтыс болды. Ол 13 наурыздан бері қалалық көпбейінді ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Жасалған шараларға қарамастан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.Жағдайы өте ауыр болғандықтан, ота жасалған жоқ. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиға бойынша толық ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Естеріңізге сала кетейік, Оралда сауда орталықтарының біріндегі эскалаторда кішкентай қыз анасының қолынан құлап кетті.Эскалатормен көтеріліп бара жатқан кезде қыз анасының қолынан сусып шығып, 1,5-2 метрдей биіктіктен сүйеніштің арғы жағына құлап кеткен.Оқиға жексенбі, 13 наурыз күні болған.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/506/15/5061582_112:0:1807:1271_1920x0_80_0_0_6cb83bd6efd342a1dd5f5aac8ecee2ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, эскалатор, сәби
Оралда эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды
09:01 20.03.2022 (жаңартылды: 09:05 20.03.2022) Сәби 13 наурыздан жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды
НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Орал қаласында эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби 19 наурыз күні есін жимастан қайтыс болды.
Ол 13 наурыздан бері қалалық көпбейінді ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Жасалған шараларға қарамастан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Жағдайы өте ауыр болғандықтан, ота жасалған жоқ.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиға бойынша толық ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, Оралда сауда орталықтарының біріндегі эскалаторда кішкентай қыз анасының қолынан
құлап кетті.
Эскалатормен көтеріліп бара жатқан кезде қыз анасының қолынан сусып шығып, 1,5-2 метрдей биіктіктен сүйеніштің арғы жағына құлап кеткен.
Оқиға жексенбі, 13 наурыз күні болған.