Экономика

Министрлік астық тапшылығына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

ұн - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Ішкі нарықта сырттан әкелінетін шикізатты алмастыруға қажетті қор жеткілікті
НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанда ұн өндіру үшін астық тапшылығы туындағаны туралы ақпарат тарады. Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның хабарлауынша, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды және нарыққа қатысушыларға қысым жасау әрекеті, сондай-ақ жосықсыз бәсекелестіктің көрінісі болып табылады.
Министрлік Ресей Федерациясымен шекаралас облыстардың диірмендері шикізат ретінде сырттан әкелінетін бидайды пайдаланғанын атап өтті.
"Ресей Федарациясы тарапынан күшіне енгізілген экспортқа шығару туралы шектеулерге байланысты, бұрын жасалған келісім-шарттар арқылы белгіленген бидай көлемі қолжетімсіз болып отыр. Осыған байланысты, үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін өндірушілер отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бидайды жеткізу үшін келісімшарттар жасасу мүмкіндігін пысықтап жатыр", - деп хабарлады министрліктегілер.
Министрлік ішкі нарықта сырттан әкелінетін шикізатты алмастыруға қауқарлы шикізаттың қажетті көлемі бар екенін хабарлады.
"Республикада 7,4 млн тонна бидай бар. Елдің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін (егіс қажеттіліктері, жемшөп, азық-түлік тұтыну және өнеркәсіптік өңдеу) 3,7 миллион тонна бидай қажет. Осылайша, қолда бар қорлар елдің бидайға деген екі жылдық қажеттілігін жабады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұн өндірушілер мен бидай жеткізушілер сату бағасы туралы келісіп жатыр.
Сондай-ақ, министрлік Қазақстан ұн қорының жеткілікті мөлшеріне ие екенін хабарлайды. 137,9 мың тонна ұн бар, оның ішінде өңірлік тұрақтандыру қорларында 11,2 мың тонна, сауда объектілерінде 53,2 мың тонна, өндіруші кәсіпорындарда 52,8 мың тонна, қоймаларда 20,7 мың тонна бар.
Министрлік нарық қатысушыларын қазіргі жағдайды пайдаланып, үстеме пайда табу үшін жағдайды ушықтырмауға және әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырады.
Жаңалықтар
0