https://sputnik.kz/20220320/kolik-zhurgizushi-mas-23650265.html
Атырауда полициядан қашқан мас жүргізуші өзенге секірді
Атырауда полициядан қашқан мас жүргізуші өзенге секірді
Sputnik Қазақстан
Патрульдік полиция қызмет инспекторлары құқықбұзушыны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты 20.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-20T12:35+0500
2022-03-20T12:35+0500
2022-03-20T12:35+0500
қоғам
атырау
көлік жүргізушісі
мас жүргізуші
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_b52a5dbf3d9a2d65c2df2464f30e23e7.jpg
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Атырауда полициядан қашқан мас жүргізуші көлігінен түсіп, суға секірген, деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті. Оқиға 17 наурыз сағат 17:30 шамасында болған. Лада Приора автокөлігінің жүргізушісі мас күйде көлік айдап, полицейлерден көліктен түсіп жаяу қашпақшы болған. "Владимирский және Гумаров көше қиылысында автокөлікті полиция қызметкерлері күдік тудыған соң тоқтатты. Көлік жүргізушісі Авангард мөлтек ауданындағы үйлердің тұсына дейін тоқтамай, автокөлігінен түсіп, көпірге дейін жаяу жүгіре бастады. Көлік жүргізушісі Жайық өзеніне дейін жүгіріп, суға секірді", - деді патрульдік полиция қызметкерлері. Патрульдік полиция қызмет инспекторлары құқықбұзушыны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. 33 жастағы ер адам жүргізу құқығы жоқ бола тұра (куәлігінен айырылған) мас күйде көлік жүргізген. Оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі (жүргізушінің көлікті масаң күйде басқаруы), және 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау қағиадаларын бұзу), 601-бабының 1-бөлігі (жол белгілерін және жолдың жүру бөлігіндегі таңдаларда көрсетілген талаптарды орындамау), 613-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару), 612-бабының 1-бөлігі (құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік басқаруы), 590-бабының 7-бөлігі (көлікті пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_48cd06b5d610c34b7a167df1b3d4516a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, көлік жүргізушісі, мас жүргізуші
атырау, көлік жүргізушісі, мас жүргізуші
Атырауда полициядан қашқан мас жүргізуші өзенге секірді
Патрульдік полиция қызмет инспекторлары құқықбұзушыны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Атырауда полициядан қашқан мас жүргізуші көлігінен түсіп, суға секірген, деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.
Оқиға 17 наурыз сағат 17:30 шамасында болған. Лада Приора автокөлігінің жүргізушісі мас күйде көлік айдап, полицейлерден көліктен түсіп жаяу қашпақшы болған.
"Владимирский және Гумаров көше қиылысында автокөлікті полиция қызметкерлері күдік тудыған соң тоқтатты. Көлік жүргізушісі Авангард мөлтек ауданындағы үйлердің тұсына дейін тоқтамай, автокөлігінен түсіп, көпірге дейін жаяу жүгіре бастады. Көлік жүргізушісі Жайық өзеніне дейін жүгіріп, суға секірді", - деді патрульдік полиция қызметкерлері.
Патрульдік полиция қызмет инспекторлары құқықбұзушыны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. 33 жастағы ер адам жүргізу құқығы жоқ бола тұра (куәлігінен айырылған) мас күйде көлік жүргізген.
Оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі (жүргізушінің көлікті масаң күйде басқаруы), және 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау қағиадаларын бұзу), 601-бабының 1-бөлігі (жол белгілерін және жолдың жүру бөлігіндегі таңдаларда көрсетілген талаптарды орындамау), 613-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару), 612-бабының 1-бөлігі (құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік басқаруы), 590-бабының 7-бөлігі (көлікті пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды.