Қоғам

Алматылық жастар президентті жаңа ұранмен қолдады – видео

Жазылу
Жастар танымал актер Рүстем Омаровпен бірге: "Біздің президент – тигр" деп айғайлайды
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Алматыда өткен "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" жастар форумынан видеолар пайда болды.
Алматы Арена спорт кешеніне жиналған жастар "Біздің президент – тигр" деп ұрандатқан. Видеода жиналғандардың Қазақстанның туын желбіретіп жатқаны көрінеді.
Жастар танымал актер Рүстем Омаровпен бірге: "Біздің президент – тигр" деп айғайлайды. Рүстем Омаров "Саке" сериалындағы әкім рөлімен көпшілікке танымал.
Ал ұран ресейлік рэпер Тимати "Мой братан – тигр" әніндегі жолдардан алынған.
Айта кетері, 16 наурызда қоғам және бизнес өкілдері "Жаңа Қазақстан" қоғамдық жастар қозғалысының құрылғанын жариялады. Соның құрметіне "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" фестивалін ұйымдастырған.
Фестиваль-концертке 20 мыңға жуық адам қатысты. Іс-шараның мақсаты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын қолдау болды.
Фестивальдің бастамашылары мен демеушілері бизнесмен Сырымбек Тау және оның әріптестері. Фестивальге отандық шоу-бизнес жұлдыздары, шығармашыл жастар өкілі және Алматы жастары қатысты.
16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жаңа жолдауын жолдады.
Жаңалықтар
0