Шығыс Қазақстанда нәрестелер перзентханадан ұлттық киімде шығарылып жатыр

© Sputnik / Анатолий Устиненко"Бесікке салу" рәсімі
Бесікке салу  рәсімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2022
Жазылу
Медициналық мекемелердің қызметкерлері жаңа босанған әйелдерге де мерекелік көңіл күй сыйлап жатыр, нәрестелер перзентханадан ұлттық киімде шығарылады
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді перзентханадан ұлттық киімде шығарып жатыр, деп хабарлады жергілікті Semey24 жаңалықтар паблигі.
Бұл игі дәстүр облыстың аудандық ауруханаларында бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Аягөз ауданаралық ауруханасының перинаталдық бөлімінде алғашқы он бала ұлттық киімде үйіне шықты.
"Жақында айдың басында туған егіздер шығарылды. Салмағы 1 200 грамм және 1 300 грамм екенін қоспағанда, балалардың жағдайы жақсы. Осы уақыт ішінде балалар салмақ жинады, біз неонатологиялық көмекті толық көрсеттік", - деді Аягөз ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров.
Наурыз қарсаңында мерекелік көңіл күй екінші Тарбағатай аудандық ауруханасында да сезіледі.
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мереке күндері бүлдіршіндерді ұлттық киімде шығару жоспарланғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0