https://sputnik.kz/20220319/astana-kopir-kolik-23642804.html
Астанада салынып жатқан көпірлер көлік нөпірін азайтады
Астанада салынып жатқан көпірлер көлік нөпірін азайтады
Sputnik Қазақстан
Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан екі көпір туралы ақпарат берді 19.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-19T16:44+0500
2022-03-19T16:44+0500
2022-03-19T16:44+0500
елорда тынысы
жаңа көпір
көлік кептелісі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15787430_0:347:2843:1946_1920x0_80_0_0_f96676441bd5b4922c7a717ebde79e5a.jpg
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаңа жолдар төселіп, ауа райы жақсарған кезде ескі жолдар жөнделеді, деп хабарлады қала әкімі Алтай Көлгінов."2021 жылдың қарашасында Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы қайта жанданды. Ал оған дейін көпір құрылысына қатысты сот процестері болған. Процедуралық проблемалардың бәрі шешілгеннен кейін құрылысы қайта басталды. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалы ауданын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Әзірет Сұлтан мешітінің ауданын, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерін, Момышұлы даңғылын қаланың сол жақ жағалауымен қосымша қатынауға септігін тигізеді. Бұл көпірді 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп жазды қала әкімі.Ол сондай-ақ Ұлы дала даңғылындағы көпірдің құрылысы жүріп жатқанын еске салды."Бұл көпір Мәңгілік ел даңғылы, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Нәжімеденов көшелері, Nova city ауданы, "Мыңжылдық" аллеясы аумағындағы көлік нөпірін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа "Нұрлы жол" вокзалына, Тельман және Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті ауданына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне және т.б. қатынау үшін ыңғайлы болады", - деді Көлгінов.Айтуынша, бұл көпірдің құрылысы биыл аяқталады.Қала басшысы кейінгі екі жылда елордада 300 көше жөнделгенін, қаланың оң жақ бөлігі мен тұрғын үй алаптарына баса назар аударылғанын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15787430_41:0:2772:2048_1920x0_80_0_0_432ed2d7caccc856db18fc1b681d4224.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа көпір, көлік кептелісі
жаңа көпір, көлік кептелісі
Астанада салынып жатқан көпірлер көлік нөпірін азайтады
Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан екі көпір туралы ақпарат берді
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаңа жолдар төселіп, ауа райы жақсарған кезде ескі жолдар жөнделеді, деп хабарлады қала әкімі Алтай Көлгінов.
"2021 жылдың қарашасында Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы қайта жанданды. Ал оған дейін көпір құрылысына қатысты сот процестері болған. Процедуралық проблемалардың бәрі шешілгеннен кейін құрылысы қайта басталды. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылын, жаңа теміржол вокзалы ауданын, Қошқарбаев даңғылын, Нәжімеденов көшесін, Әзірет Сұлтан мешітінің ауданын, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерін, Момышұлы даңғылын қаланың сол жақ жағалауымен қосымша қатынауға септігін тигізеді. Бұл көпірді 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп жазды қала әкімі.
Ол сондай-ақ Ұлы дала даңғылындағы көпірдің құрылысы жүріп жатқанын еске салды.
"Бұл көпір Мәңгілік ел даңғылы, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Нәжімеденов көшелері, Nova city ауданы, "Мыңжылдық" аллеясы аумағындағы көлік нөпірін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа "Нұрлы жол" вокзалына, Тельман және Промышленный елді мекендеріне, МЕТРО гипермаркеті ауданына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне және т.б. қатынау үшін ыңғайлы болады", - деді Көлгінов.
Айтуынша, бұл көпірдің құрылысы биыл аяқталады.
Қала басшысы кейінгі екі жылда елордада 300 көше жөнделгенін, қаланың оң жақ бөлігі мен тұрғын үй алаптарына баса назар аударылғанын атап өтті.