https://sputnik.kz/20220319/almatyda-zansyz-salynyp-zhatqan-12-qabatty-uy-buzylady-23639029.html
Алматыда заңсыз салынып жатқан 12 қабатты үй бұзылады
Алматыда заңсыз салынып жатқан 12 қабатты үй бұзылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматының Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан 12 қабатты үй бұзылады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев... 19.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-19T12:40+0500
2022-03-19T12:40+0500
2022-03-19T12:40+0500
алматы
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/21/24/212413_0:0:3054:1719_1920x0_80_0_0_dd7b49b699c121dfe8f19a943f7ee7b0.jpg
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматының Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан 12 қабатты үй бұзылады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді.Оның айтуынша, көп қабатты ғимаратты салу кезінде көптеген олқылық болған.Ол "APT-TEХНОСС" ЖШС-мен дау былтыр маусымнан бері жалғасып келе жатқанын айтты."Бұған дейін азаматтардың өтініші негізінде қала құрылысын бақылау басқармасы тексеру жүргізді. Сәулет, қала құрылысы саласында бірқатар заңбұзушылық анықталып, соған сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Одан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "APT-TEХНОСС" ЖШС заңсыз салған нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. 2021 жылдың 9 желтоқсанында сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылмады. Басқарма Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсіріп, енді талап арыз қанағаттандырылды", - деді қала әкімінің орынбасары.Оның сөзінше, қалалық әкімдік қызметкерлері бірқатар заңсыз құрылыс нысаны бойынша істі сотқа жолдаған.Айта кетері, 2022 жылдың наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне қала тұрғындарының өтініштеріне құлақ асуды және тұрғын үй кешендерінің жанында көпқабатты үйлердің құрылысын тоқтатуды тапсырды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/21/24/212413_178:0:2909:2048_1920x0_80_0_0_c36de235e60852bf11a9ccdffb76f95f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тұрғын үй
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматының Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан 12 қабатты үй бұзылады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, көп қабатты ғимаратты салу кезінде көптеген олқылық болған.
"Алматы қалалық сотының қаулысымен қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, Шұғыла шағын ауданы Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайы бойынша заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы сот шешімі қабылдады", - деді Әзірбаев.
Ол "APT-TEХНОСС" ЖШС-мен дау былтыр маусымнан бері жалғасып келе жатқанын айтты.
"Бұған дейін азаматтардың өтініші негізінде қала құрылысын бақылау басқармасы тексеру жүргізді. Сәулет, қала құрылысы саласында бірқатар заңбұзушылық анықталып, соған сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Одан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "APT-TEХНОСС" ЖШС заңсыз салған нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. 2021 жылдың 9 желтоқсанында сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылмады. Басқарма Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым түсіріп, енді талап арыз қанағаттандырылды", - деді қала әкімінің орынбасары.
Оның сөзінше, қалалық әкімдік қызметкерлері бірқатар заңсыз құрылыс нысаны бойынша істі сотқа жолдаған.
Айта кетері, 2022 жылдың наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне қала тұрғындарының өтініштеріне құлақ асуды және тұрғын үй кешендерінің жанында көпқабатты үйлердің құрылысын тоқтатуды тапсырды.