https://sputnik.kz/20220319/almaty-oblysynda-tanymal-auyl-blogeri-35-zhylga-sottaldy-23635127.html
Алматы облысында танымал ауыл блогері 3,5 жылға сотталды
Алматы облысында танымал ауыл блогері 3,5 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Блогер алаяқтық пен бопсалаушылық жасады деп айыпталды 19.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-19T09:00+0500
2022-03-19T09:00+0500
2022-03-19T09:01+0500
блогер
алматы облысы
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 19 наурыз — Sputnik. Алматы облысында танымал ауыл блогеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.Сот процесі Еңбекшіқазақ ауданында өтті. Сотта Шелек ауылының тұрғыны – жас әйелге қатысты іс қаралды. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел әлеуметтік желідегі бірнеше мың жазылушысы бар парақшаның әкімшісі болған.№2 Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен әйел Қылмыстық кодекстің 194-бабы (бопсалаушылық) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды.Блогер 3,5 жылға сотталды. Бірақ кішкентай балаларының болуына байланысты олар 14 жасқа толғаннан кейін ғана жазасын өтейді.Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер, алматы облысы
Алматы облысында танымал ауыл блогері 3,5 жылға сотталды
09:00 19.03.2022 (жаңартылды: 09:01 19.03.2022) Блогер алаяқтық пен бопсалаушылық жасады деп айыпталды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 19 наурыз — Sputnik. Алматы облысында танымал ауыл блогеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.
Сот процесі Еңбекшіқазақ ауданында өтті. Сотта Шелек ауылының тұрғыны – жас әйелге қатысты іс қаралды. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел әлеуметтік желідегі бірнеше мың жазылушысы бар парақшаның әкімшісі болған.
"Тергеу алаяқтық пен бопсалаушылықтың бірнеше фактісін дәлелдеді. Ол (блогер) пандемия кезінде ауыл дәмханаларының бірінің әкімшісін бизнеске зиянын тигізетін ақпарат таратамын деп қорқытып, ай сайын заңсыз 20 мың теңге алып отырған", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
№2 Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен әйел Қылмыстық кодекстің 194-бабы (бопсалаушылық) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды.
Блогер 3,5 жылға сотталды. Бірақ кішкентай балаларының болуына байланысты олар 14 жасқа толғаннан кейін ғана жазасын өтейді.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.