https://sputnik.kz/20220318/zhana-oblystar-qashan-qurylady-23611274.html
Жаңа облыстар қашан құрылады - министр жауап берді
Жаңа облыстар қашан құрылады - министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
Қазір министрлік пен жаңа облыстардың өкілдері бірлесіп аумақтық бөлу мәселесін талқылап жатыр 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T09:01+0500
2022-03-18T09:01+0500
2022-05-04T10:40+0500
өңірлер
облыс
министр
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23556488_0:53:1080:661_1920x0_80_0_0_74c6dba17f39012228357f2aa0869870.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстарды құру туралы құжаттар қай кезде рәсімделетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Президент нақты тапсырма берді, бірінші жартыжылдық аяқталғанша жасау керек. Қазір ұйымдастару шаралары басталып кетті. Іс-қимыл алгоритмі де бар. Қайта құрылатын облыстардың өкілдері ұлттық экономика министрлігіне келді. Дәл қазір біз бірлесіп аумақтық бөлу мәселесін талқылап жатырмыз", - деді Қуантыров журналистерге берген сұхбатында.Министрдің айтуынша, ең соңында президенттің арнайы қаулысы әзірленеді. Осылайша, маусым айы аяқталғанға дейін барлық ұйымдастырушылық жұмыс аяқталады деген жоспар бар."Демек, жаңа облыстар жартыжылдықтың соңында құрыла ма?", - деп сұрады журналистер. "Иә, солай деп айтуға болады. Қаулының жобалары дайын болады. Кейін президент шешімі қабылданады", - деп атап көрсетті Қуантыров.Еске сала кетсек, 16 наурызда жолдау барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Семей аймағында Абай облысы, бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы құрылады. Сондай-ақ Алматы облысының қазіргі территориясы екіге бөлініп, екі облыс болмақ.
https://sputnik.kz/20220316/akimder-toqaev-sheshim-23558897.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23556488_112:0:1072:720_1920x0_80_0_0_0e85df6d3edb1b5085ceed5876a4029a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа облыс новая область новые области абай жетісу ұлытау улытау жетису
жаңа облыс новая область новые области абай жетісу ұлытау улытау жетису
Жаңа облыстар қашан құрылады - министр жауап берді
09:01 18.03.2022 (жаңартылды: 10:40 04.05.2022) Қазір министрлік пен жаңа облыстардың өкілдері бірлесіп аумақтық бөлу мәселесін талқылап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстарды құру туралы құжаттар қай кезде рәсімделетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Президент нақты тапсырма берді, бірінші жартыжылдық аяқталғанша жасау керек. Қазір ұйымдастару шаралары басталып кетті. Іс-қимыл алгоритмі де бар. Қайта құрылатын облыстардың өкілдері ұлттық экономика министрлігіне келді. Дәл қазір біз бірлесіп аумақтық бөлу мәселесін талқылап жатырмыз", - деді Қуантыров журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, ең соңында президенттің арнайы қаулысы әзірленеді. Осылайша, маусым айы аяқталғанға дейін барлық ұйымдастырушылық жұмыс аяқталады деген жоспар бар.
"Демек, жаңа облыстар жартыжылдықтың соңында құрыла ма?", - деп сұрады журналистер.
"Иә, солай деп айтуға болады. Қаулының жобалары дайын болады. Кейін президент шешімі қабылданады", - деп атап көрсетті Қуантыров.
Еске сала кетсек, 16 наурызда жолдау барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Семей аймағында Абай облысы, бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы құрылады. Сондай-ақ Алматы облысының қазіргі территориясы екіге бөлініп, екі облыс болмақ.