https://sputnik.kz/20220318/ulttyq-bank-internet-valyuta-23625509.html
Ұлттық банк интернетте валюта сатқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті
Ұлттық банк интернетте валюта сатқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T15:47+0500
2022-03-18T15:47+0500
2022-03-18T15:47+0500
валюта
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_950fccfc4ae250595f5bd4def745d7a4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк лицензиясыз валюта айырбастаумен айналысу заңға қайшы екенін ескертті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.Заңнамаға сәйкес, Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын тек екінші деңгейлі банктер мен лицензиясы бар ақша айырбастау пункттері ғана жүргізуге құқылы.Заңсыз делдалдар, оның ішінде интернет алаңдары мен әлеуметтік желілер арқылы айырбастау операцияларын жүргізуді ұсыну заңсыз болып саналады және жалған монета жасаушылармен мәміле жасау қаупін тудырады.Банк мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ішкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында валюта айырбастаудың, сол сияқты төлем карточкаларын пайдалану, онлайн-банкинг секілді балама түрлері де қарастырылған, олар әлдеқайда қолжетімді әрі 24/7 режимінде қауіпсіз қызмет көрсетеді."Бүгінде қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақталды, тұрғындар тарапынан сұранысқа қатысты дүрлігу байқалмайды", - деп атап өтті банк мамандары.Бұған дейін президент жарлығымен шетелге валюта шығару бойынша шектеу енгізілген болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_331f758d08154509f1a70a3347c3ac04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
валюта, ұлттық банк
Ұлттық банк интернетте валюта сатқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті
Бүгінгі таңда қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк лицензиясыз валюта айырбастаумен айналысу заңға қайшы екенін ескертті, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан. Заңнамаға сәйкес, Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын тек екінші деңгейлі банктер мен лицензиясы бар ақша айырбастау пункттері ғана жүргізуге құқылы.
"Ұлттық банк лицензиясыз айырбастау операцияларын жүргізу заңсыз кәсіпкерлік түріне жататынын, ол үшін Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 155, 463-баптарымен және Қазақстан Қылмыстық кодексінің 214-бабымен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді", - делінген ресми хабарламада.
Заңсыз делдалдар, оның ішінде интернет алаңдары мен әлеуметтік желілер арқылы айырбастау операцияларын жүргізуді ұсыну заңсыз болып саналады және жалған монета жасаушылармен мәміле жасау қаупін тудырады.
Банк мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ішкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында валюта айырбастаудың, сол сияқты төлем карточкаларын пайдалану, онлайн-банкинг секілді балама түрлері де қарастырылған, олар әлдеқайда қолжетімді әрі 24/7 режимінде қауіпсіз қызмет көрсетеді.
"Бүгінде қолма-қол шетел валютасымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақталды, тұрғындар тарапынан сұранысқа қатысты дүрлігу байқалмайды", - деп атап өтті банк мамандары.
Бұған дейін президент жарлығымен шетелге валюта шығару бойынша шектеу енгізілген болатын.