Шымкент полицейлері ондаған порностудияны анықтады

© Photo : Pixabay /Wolfsrib Иллюстративті фото
 Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Жазылу
Қаладағы жалдамалы пәтерлерде арнайы жабдықталған 10-нан астам веб-порностудия болған. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласында интернет арқылы онлайн режимде порнография таратумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Полицейлер 10-нан астам веб-порностудияны анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаевтың айтуынша, былтыр әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде онлайн хабар тарататын порностудия анықталған. Содан бері қажетті дәлелдер жиналып, іздестіру шаралары атқарылды.
"Соның нәтижесінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарын анықтадық. Олардың ішінде 5 Қырғызстан және 6 Қазақстан азаматы бар. Біз оларды үш мегаполистің жалдамалы пәтерлерінде ұстадық", – дейді Бейсенбаев.
Қазіргі кезде сот шешімімен 11 адамның барлығы қамауға алынды. Олардан 44 мың АҚШ доллары, екі қымбат Toyota Camry 70 және бір Lexus GX 460 көлігі тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің екі бабы – "Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету" және "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және тарату немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық топты Қырғызстан азаматы басқарған. Одан және оның жерлестерінен есірткі заттары да табылды.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесі өз міндетін атқарған. Қаладағы жалдамалы пәтерлерде арнайы жабдықталған 10-нан астам веб-порностудия болған. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, соның ішінде кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім бар. Көбісі есірткі пайдаланады", - деп атап өтті Бейсенбаев.
Порностудияның қызметін көбінесе шетел азаматтары пайдаланған. Олар қызмет ақысын шетел валютасымен төлеген.
"Қазақстанда нақты уақыт режимінде жұмыс істеген порностудия алғаш рет анықталып отыр. Бүгінде бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың трансұлттық сипатқа ие болуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр", – дейді Бейсенбаев.
Жаңалықтар
0