Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы тағайындалды

© Photo : Facebook / Олжас АбраевОлжас Абраев
Олжас Абраев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Жазылу
Абраев Қазақстан кәсіби футбол лигасының президенті лауазымын федерацияның келесі конференциясына дейін бас хатшы қызметімен қатар атқара береді
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы атқару комитетінің отырысында ұйымның бас хатшысы сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Отырыста 2022 жылға арналған футбол іс-шараларының ережелерін, регламенттері мен күнтізбелерін бекіту мәселесі қаралды.
"Атқарушы комитет қараған мәселелер мен қабылдаған шешімдердің бірі – бас хатшы етіп Олжас Абраевты тағайындау болды", - делінген ресми хабарламада.
Бас хатшыны таңдау кезінде команданы басқару, стратегиялық пайымдау және ойлау, көшбасшылық қасиеттер, жеке тиімділік, халықаралық ұйымдармен жұмыс тәжірибесі сияқты кәсіби дағдылар мен құзыреттерге басымдық берілді.
"Олжас Абраев 2018 жылдан бері "Қазақстан кәсіби футбол лигасы" ассоциациясын басқарады. Өзінің көп жылғы кәсіби карьерасында қазақстандық футбол жүйесінде әртүрлі лауазымдарды атқарды", - дейді федерация мамандары.
Айта кетері, Абраев Қазақстан кәсіби футбол лигасының президенті лауазымын федерацияның келесі конференциясына дейін хатшы қызметімен қатар атқара береді. Бұған дейін Азамат Айтхожин ҚФФ бас хатшысы болған.
Жаңалықтар
0