https://sputnik.kz/20220318/qazaqstan-europa-gerbitsid-antidemping-23624306.html
Қазақстан еуропалық гербицидтерге қарсы антидемпинг шарасын тоқтатуды ұсынды
Қазақстан еуропалық гербицидтерге қарсы антидемпинг шарасын тоқтатуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан болашақтағы астық өніміне қауіп төндіруді қаламайды 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T21:51+0500
2022-03-18T21:51+0500
2022-03-18T21:51+0500
астық
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/04/18307920_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_72f66d4cdcd854ffe6cc3a35443614db.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. 17 наурызда өткен ЕЭК кеңесінің кезекті отырысында қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Еуропалық Одақ аумағында өндірілетін гербицидтерге қарсы антидемпинг шарасын уақытша тоқтату мәселесі қаралды.Бұл ұсыныс гербицидтер құнының қымбаттауына және олардың нарықтағы ұсынысының азаюына байланысты туындап отыр. Оның ішінде валюта бағамының өзгеруі және Еуропадан келетін логистика проблемасы да бар.Бұл ретте ЕО компаниялары өндіретін гербицидтердің Қазақстан нарығы үшін маңызы бар. Өтйкені ол Қазақстандағы гербицидтің жалпы импортының шамамен 20%-ін құрайды."Біз гербицид тапшылығына жол бермеуіміз керек және болашақ егіннің сапасына, соның салдарынан азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіре алмаймыз. Осыған байланысты әріптестерімізге Еуроодақтан жеткізілетін гербицидтерге қарсы қолданыстағы антидемпинг шарасын бір жылға тоқтату туралы ұсыныс жасадық. Алдағы ЕЭК алқа отырысында бұл мәселе шешіледі", - деп түсіндірді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.Гербицидтерге қатысты антидемпинг шарасы 2018 жылдың 26 мамырында белгіленген. Гербицидтер арамшөптердің өсімін басуға немесе олардың кеңінен таралуына жол бермеуге арналған.
https://sputnik.kz/20220318/ministr-auyl-sharualary-zhanalyq-23613095.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/04/18307920_213:0:1713:1125_1920x0_80_0_0_138d5bf10584f7e7221fba91a130f2ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, ауыл шаруашылығы
Қазақстан еуропалық гербицидтерге қарсы антидемпинг шарасын тоқтатуды ұсынды
Қазақстан болашақтағы астық өніміне қауіп төндіруді қаламайды
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. 17 наурызда өткен ЕЭК кеңесінің кезекті отырысында қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Еуропалық Одақ аумағында өндірілетін гербицидтерге қарсы антидемпинг шарасын уақытша тоқтату мәселесі қаралды.
Бұл ұсыныс гербицидтер құнының қымбаттауына және олардың нарықтағы ұсынысының азаюына байланысты туындап отыр. Оның ішінде валюта бағамының өзгеруі және Еуропадан келетін логистика проблемасы да бар.
Бұл ретте ЕО компаниялары өндіретін гербицидтердің Қазақстан нарығы үшін маңызы бар. Өтйкені ол Қазақстандағы гербицидтің жалпы импортының шамамен 20%-ін құрайды.
"Біз гербицид тапшылығына жол бермеуіміз керек және болашақ егіннің сапасына, соның салдарынан азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіре алмаймыз. Осыған байланысты әріптестерімізге Еуроодақтан жеткізілетін гербицидтерге қарсы қолданыстағы антидемпинг шарасын бір жылға тоқтату туралы ұсыныс жасадық. Алдағы ЕЭК алқа отырысында бұл мәселе шешіледі", - деп түсіндірді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Гербицидтерге қатысты антидемпинг шарасы 2018 жылдың 26 мамырында белгіленген. Гербицидтер арамшөптердің өсімін басуға немесе олардың кеңінен таралуына жол бермеуге арналған.