https://sputnik.kz/20220318/qaragandy-politseyler-ayelder-23630940.html
Қарағанды полицейлері бірнеше әйелді ұрып кеткен ер адамды ұстады
Қарағанды полицейлері бірнеше әйелді ұрып кеткен ер адамды ұстады
Sputnik Қазақстан
Ол Қарағандыға арнайы келіп, көшеде жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді аңдыған 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T20:39+0500
2022-03-18T20:39+0500
2022-03-18T20:39+0500
қарағанды
https://sputnik.kz/img/140/15/1401551_25:0:987:541_1920x0_80_0_0_c648056eba126c6856da08c79328bc43.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Қарағанды қаласында бірнеше әйелді еш себепсіз ұрып-соққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 16 наурызда қалалық полиция басқармасына белгісіз біреудің мектептің жанында 14 жастағы оқушыны соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден шұғыл тергеу тобы аттанды.Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің тағы үш әйелді ұрып кеткені анықталды. Ол Қарағандыға арнайы келіп, көшеде жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді аңдыған. Сосын соққыға жыққан. Бағалы заттарын алмаған. Ұрып, қашып кетіп отырған.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапқа сәйкес, 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 126 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/140/15/1401551_145:0:866:541_1920x0_80_0_0_5f03c92fe51670ab0941ecf1acba25a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды
Қарағанды полицейлері бірнеше әйелді ұрып кеткен ер адамды ұстады
Ол Қарағандыға арнайы келіп, көшеде жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді аңдыған
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Қарағанды қаласында бірнеше әйелді еш себепсіз ұрып-соққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 16 наурызда қалалық полиция басқармасына белгісіз біреудің мектептің жанында 14 жастағы оқушыны соққыға жыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден шұғыл тергеу тобы аттанды.
"Зардап шеккен қыз сабақтан келе жатқанда біреудің артынан тап бергенін, сосын бір ұрып, қашып кеткенін айтты. Шұғыл іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын ұстады", - дейді полицейлер.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің тағы үш әйелді ұрып кеткені анықталды. Ол Қарағандыға арнайы келіп, көшеде жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді аңдыған. Сосын соққыға жыққан. Бағалы заттарын алмаған. Ұрып, қашып кетіп отырған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапқа сәйкес, 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 126 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.