Путин Батыстың стратегиясы іске аспағанын айтты

© Sputnik / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин провел расширенное заседание коллегии Минобороны РФ
Президент РФ Владимир Путин провел расширенное заседание коллегии Минобороны РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Жазылу
Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Ресей президентінің сөзін қызу талқылап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ресей Федерациясының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысқан 16 наурыздағы өңірлерді әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы мемлекетішілік шара әлем медиасында қызу талқыланды, деп жазды РИА Новости.
Мұндай талқылауларға Ресей президентінің баяндамасы себеп. Владимир Путиннің сөзі ақпарат агенттіктерінде жарияланып, газетке басылды, тіпті YouTube арнасында таратылды. Интернет аудармашының көмегімен онымен әлемдегі қарапайым адамдар да танысты.
"Ресейге қазір қуатты ақпараттық соғыс жарияланып отыр. Әйткенмен, әлемдегі миллиардтаған адам англосаксондық "ықпалды" БАҚ жалған ақпарат тарататынын біліп отыр. Украинаға қатысты жаңалықтардың шындықпен жанаспайтыны соншалық, бұл тіпті көп жағдайға еті үйренген батыс оқырманының да наразылығын тудырып отыр", - деп жазды мақала авторы.
Financial Times британ басылымы "батыстың Ресейді жазалауы" ауыр салдарға алып келетінін мәлімдеп, Путиннің бүгінгі дағдарыс "экономикадағы тереңдетілген құрылымдық өзгерістер себеп болатыны және олар инфляцияның уақытша өсімі мен жұмыссыздыққа әкелетіні" туралы сөзін келтірген.
Bloomberg агенттігі де осы болжамды жарыса жазды. Бірақ бұл екі басылым да Ресей президенті "мемлекет Батысқа деген тәуелділіктен құтылып, үлкен жеңіске жететініне сенімді" екенін атап өтіпті.
Батыстық БАҚ экономикалық блицкриг расында да іске аспағанын жазып жатыр. Бірақ бұл әдісті ұзақ жалғастыру мүмкін емес – себебі Батыс Ресей экономикасына ықпал ету тетігінен өзін-өзі айырып отыр.
Батыс медиасының ешқайсысы Путиннің батыс елдері өз дефолтын бастан өткізіп жатқаны, доллар резервтік валюта бола алмайтыны, ал активтер кез келген уақытта басқа тараптың қолына түсуі мүмкін екені туралы сөздерін жариялаған жоқ. Олардың ешбірі Ресей президентінің батыс елдеріндегі азаматтарға үндеуін таратпады.
"Қазір сіздерді басқа түскен қиындықтың бәрі Ресейдің өшпенділік іс-қимылының салдарынан екеніне, ойдан шығарылған орыс агрессиясына қарсы күрес жүргізу үшін қалтаңыздан қаражат шығару қажеттілігіне сендіруге тырысып жатыр. Мұның барлығы жалған. Бүгінгі күні Батыстағы миллиондаған адам тап болған ағымдағы проблемалар осы мемлекеттердегі билік етуші элитаның көпжылдық әрекетінің, қателіктерінің, болашақты ойламауының салдары болып отыр", - деді жиында Путин.
Есесіне батыстық медиа Путиннің "Маяйми мен француз Ривьерасындағы вилла", "сатқындар мен опасыздар" туралы сөзін іліп әкетті. Олар керісінше Ресей президентінің батыс элитасы өз халқын кедейлікке душар етіп жатқаны, резервтік валютаға деген әлемнің сенімі жойылып жатқаны туралы сөздеріне назар аударуы керек еді.
"Путин расында да Ресей сынды мемлекеттерде проамерикалық орта тап құруды көздейтін ұзақ мерзімді, онжылдықтарға бағытталған стратегиясы бар Батыстың жеңіліс тапқанын айтты. Еуропада сәтті жүзеге асқанмен, бұл жоспар Ресейде іске аспады. Мұнда америкалық ықпал үстірт сипатта болды. Адамдар "Макдональдстан" тамақтанып, Голливуд киноларын көргенмен, қазір мұның барлығы жоқ, ешкім есінен адасып кетпеді", - деп жазылған материалда.
Бір кездері Батысқа қатысты орыс халқында иллюзия болғанымен, екі апта бұрын батыстағылардың өзі мұның күл-талқанын шығарды. Өйткені АҚШ пен Еуропадағы Ресей азаматтарының жиған ақшасы мен баспанасын тартып алып, жұмыстан қуып, балаларды мектепке қабылдамай жатыр.
"Осы құбылысты тежеу мақсатында батыстағы БАҚ Путиннің сес көрсетусіз, сабырмен айтқан сөздерін бұрмалап, оны агрессор ретінде сипаттауды әлі де қояр емес. Американың орыс халқын, сондай-ақ орта таптағы қытайларды проамерикалық ету мақсаты іске аспады. Мұның дәлелі ретінде бүгінде қытайлардың басым бөлігі Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына түсіністік танытып отырғанын айтуға болады. Өйткені Ресей басқа халықтарға батыс моделінің ықпалынан шығудың үлгісін көрсетіп отыр", - деп түйіндеген РИА Новости.
Жаңалықтар
0