https://sputnik.kz/20220318/pavlodarda-nauqas-sabi-mas-23623618.html
Есікті ешкім ашпаған: Павлодарда науқас сәбидің анасы мас күйінде табылды
Есікті ешкім ашпаған: Павлодарда науқас сәбидің анасы мас күйінде табылды
Sputnik Қазақстан
Спиртті ішімдікке салынған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T14:54+0500
2022-03-18T14:54+0500
2022-03-18T14:54+0500
павлодар
бала
мас әйел
https://sputnik.kz/img/07e6/03/12/23620130_0:212:1200:887_1920x0_80_0_0_cbdaf1bb0d2705e95d30ffa8d022f16d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Тексерушілер емшектегі баланың мас күйінде табылған анасын айықтыруға арналған медициналық мекемеге жөнелтті. Ол ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Ювеналды полиция қызметкерлері қамқорлық органының өкілдерімен бірге көрсетілген мекенжайға жеткен. Олар пәтерге келгенде сәбидің анасы мас екенін анықтаған.Бүлдіршін тексеру жүргізу үшін облыстық ауруханаға жолданды, одан соң ол Сәбилер үйіне жатқызылады. Ал анасы есін жиғанға дейін Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жіберілді.Полиция Павлодар тұрғынына қатысты Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 127-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жолданды. Бұл бап 15 АЕК (45 945 теңге немесе 90 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салуды немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды қарастырады.Сонымен қатар кәмелет жасына толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға материал дайындалып жатыр.Комиссия отырысында павлодарлық әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Себебі ол бұған дейін де кәмелетке толмаған балаға дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/12/23620130_0:99:1200:999_1920x0_80_0_0_99764402f3d96cbeff7a5ac05104596d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, бала, мас әйел
Есікті ешкім ашпаған: Павлодарда науқас сәбидің анасы мас күйінде табылды
Спиртті ішімдікке салынған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Тексерушілер емшектегі баланың мас күйінде табылған анасын айықтыруға арналған медициналық мекемеге жөнелтті. Ол ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"17 наурызда медициналық қызметкер полицияға көмек сұрап келді. Денсаулығында кінәрат бар 5 айлық бала тұратын пәтердің есігін ешкім ашпаған", - деді облыстық полицияның орталық бөлімі ювеналды полициясының аға инспекторы Әсия Әлкеева.
Ювеналды полиция қызметкерлері қамқорлық органының өкілдерімен бірге көрсетілген мекенжайға жеткен. Олар пәтерге келгенде сәбидің анасы мас екенін анықтаған.
Бүлдіршін тексеру жүргізу үшін облыстық ауруханаға жолданды, одан соң ол Сәбилер үйіне жатқызылады. Ал анасы есін жиғанға дейін Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жіберілді.
Полиция Павлодар тұрғынына қатысты Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 127-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жолданды. Бұл бап 15 АЕК (45 945 теңге немесе 90 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салуды немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды қарастырады.
Сонымен қатар кәмелет жасына толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға материал дайындалып жатыр.
Комиссия отырысында павлодарлық әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Себебі ол бұған дейін де кәмелетке толмаған балаға дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.