Спорт

Паралимпиада жүлдегеріне пәтер кілті табысталды

© Sputnik / Елена БережнаяАлександр Герлиц
Александр Герлиц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Жазылу
Параатлеттер Ербол Хамитов пен Сергей Усольцев, сондай-ақ қысқы Олимпиадаға қатысқан конькиші Иван Аржаников те марапатталды
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Бейжің Паралимпиадасының қола жүлдегері Александр Герлицке пәтер кілті және ақшалай сыйлық табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгін батырларымызға құрмет көрсеттік. Ел құрамасындағы бес параатлеттің үшеуі біздің спортшылар болды. Солтүстікқазақстандықтар қысқы Паралимпиада ойындарынан тарихи жетістікпен оралды. Еліміздің қоржынына жалғыз қола жүлдені Александр Герлиц әкелді. Бұл қола алтынға тең, өйткені облыс тарихында қысқы Паралимпиададан келген алғашқы медаль. Александр пәтер кілтін және ақшалай сыйақы алды", - деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Бұдан бөлек, параатлеттер Ербол Хамитов пен Сергей Усольцевке, сондай-ақ қысқы Олимпиадаға қатысқан конькиші Иван Аржаниковке алғыс хат пен ақшалай сертификат табысталды. Олардың жаттықтырушыларына да құрмет көрсетілді.
Жаңалықтар
0