Назарбаев көмекшісін қызметтен босатты

© Sputnik / Тимур БатыршинДанияр Акишев
Данияр Акишев - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев көмекшісін жұмыстан босатты. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Данияр Ақышев 1976 жылы дүниеге келген. 2014-2015 жылдары президент әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болған. Одан кейін президент көмекшісінің міндетін атқарды.
Ал 2015-2019 жылдары ұлттық банкті басқарды. 2019 жылы қайтадан президент кеңесшісі болды. Ал сәуір айынан бастап Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі қызметін атқарды.
Жаңалықтар
0