Өңірлер

Көршісі баласымен бірге өртеп жіберді - әйел болған жағдай туралы айтып берді

© Photo : pixabay.comОт, жалын
От, жалын - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Жазылу
Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Оның беті мен өкпесі қатты зардап шеккен
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Рудныйда көршісі керосин құйып өртеп жіберген бала аса ауыр хәлде жатыр.
Баланың басы мен өкпесі күйген, дәрігерлер оны медикаментозды ұйқыға жіберді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл жағдайға арадағы жанжал себеп болған. Алайда жәбірленуші ішімдік салдарынан көршісінде делирий ("белая горячка") болғанын айтады.
Зардап шеккен әйелдің айтуынша, кешке көршісі келгенде ойланбастан есік ашқан. Әдетте Геннадий қауіп төндірмейтін деп отыр, ұлына кәмпит береді екен. Ішімдікке салынса да, арада айтарлықтай жанжал болмаған.
"Балам шам сияқты жанды. Көршім іссапардан келген соң 2-3 апталап ішеді", - деді зардап шеккен әйел AstanaTV телеарнасына.
Оқиға болған кезде анасының қасында тұрған бала қатты зардап шекті. Керосин басына тиіп, өкпесін зақымдаған. Төрт жасар баланың денесінің 50%-інен астамын күйік шалған. Аса ауыр хәлде.
"Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0