https://sputnik.kz/20220318/baq-turaly-zan-ministr-23614983.html
Министр БАҚ туралы заң жайлы: журналистердің пікірі ескеріледі
Министр БАҚ туралы заң жайлы: журналистердің пікірі ескеріледі
Sputnik Қазақстан
Министр барлық БАҚ-ты заңды талқылауға шақырды 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T10:50+0500
2022-03-18T10:50+0500
2022-03-18T10:50+0500
қоғам
бақ
заң
министр
https://sputnik.kz/img/383/24/3832474_0:0:2016:1134_1920x0_80_0_0_e0e25348dd14227dcf42e86dc05b75df.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров президент жолдауындағы тапсырма бойынша бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Мемлекет басшысы атап өткендей ашық ақпарат кеңістігі мен бәсекеге қабілетті отандық бұқаралық ақпарат құралдарын құруға ерекше назар аудару қажет. Бүгінде министрліктің алдында ақпарат құралдарының рөлін, мәртебесін және жауапкершілігін нығайту бойынша бірқатар міндет тұр. Осыған байланысты, біріншіден, қоғам сұраныстары мен мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қайта қаралатын болады", - деді Омаров үкіметтің бүгінгі отырысында.Министрдің айтуынша, заңға енгізілетін өзгерістер кеңінен талқыланады. Журналистердің пікірі ескеріледі. Ал заңды өзгерткеннен кейін нақты нәтижелер болуы керек. Осы орайда министр барлық БАҚ-ты заңды талқылауға шақырды.
https://sputnik.kz/20210223/Toqaev-BAQ-16367468.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/383/24/3832474_117:0:1937:1365_1920x0_80_0_0_bc71a2e75e1d47d11724848709b4fa9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министр бақ заң закон сми журналисты
министр бақ заң закон сми журналисты
Министр БАҚ туралы заң жайлы: журналистердің пікірі ескеріледі
Министр барлық БАҚ-ты заңды талқылауға шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров президент жолдауындағы тапсырма бойынша бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекет басшысы атап өткендей ашық ақпарат кеңістігі мен бәсекеге қабілетті отандық бұқаралық ақпарат құралдарын құруға ерекше назар аудару қажет. Бүгінде министрліктің алдында ақпарат құралдарының рөлін, мәртебесін және жауапкершілігін нығайту бойынша бірқатар міндет тұр. Осыған байланысты, біріншіден, қоғам сұраныстары мен мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң қайта қаралатын болады", - деді Омаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, заңға енгізілетін өзгерістер кеңінен талқыланады. Журналистердің пікірі ескеріледі. Ал заңды өзгерткеннен кейін нақты нәтижелер болуы керек.
"Азаматтық бақылауды жүзеге асыратын төртінші билік ретінде әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық бәсекелестік орта дамитын болады. Мемлекеттік ақпараттық жұмыс бойынша жаңа тәсілдер әзірленеді", - деп атап көрсетті Омаров.
Осы орайда министр барлық БАҚ-ты заңды талқылауға шақырды.