Видео

Балалар теміржол музейлерін аралады – видео

Жазылу
Наурыз мерекесіне орай "Қазақстан темір жолы" ҰК" АО балаларға теміржол музейлерінде экскурсия өткізді
"Қазақстан темір жолы" компаниясының наурызды тойлау тұжырымдамасы бойынша 17 наурыз – тарихқа тағзым күні деп бекітілген. Соған орай Қазақстанның түрлі қаласында теміржол музейлерінде балаларға экскурсия өткізілді.
Балалар теміржол көлігі тарихын біліп, алғашқы паровоз, техника мен технологиялар туралы танып білді. Оларға мұрағат суреттері, магистраль қызметкерлерінің жеке заттары таныстырылды, арасында теміржолшы формасын киіп көргендер де бар.
Алматы музейінде балалар Морзе телеграф аппараты, пойыздардың жөнелтілуі мен келуі туралы хабарлайтын қола қоңырауға ерекше қызығушылық танытты.
"Тарихқа тағзым күні мұражайға қызметкерлердің балалары келді. Мұнда экскурсия жүргіздік. Бүлдіршіндеріміздің қызығушылығы бар, сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты. Оларға кәсіподақ атынан арнайы сыйлықтар бердік. Компания атынан да сыйлықтар дайындалды, балаларға оларды да табыстадық", - деді "Қазкөліккәсіп" ҚБ "Астана" филиалының менеджері Ақмарал Молдашева.
Айта кетері, бұл күні теміржол музейлеріне 300-ден астам бала келді.
Жаңалықтар
0