https://sputnik.kz/20220318/aqtau-er-adam-itter-video-23613848.html
Ақтауда ер адам иттерге тас атып, көлікпен қуды – видео
Ақтауда ер адам иттерге тас атып, көлікпен қуды – видео
Sputnik Қазақстан
Көлік жүргізушісі итті әдейі басып кеткісі келген, оның жеке басы анықталды 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T10:27+0500
2022-03-18T10:27+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
ер адам
ит
ақтау
https://sputnik.kz/img/371/94/3719491_0:318:3077:2048_1920x0_80_0_0_0c82a47dc7a7fdbc172313592f35323d.jpg
ЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісі көшеде иттерді жоғары жылдамдықпен қуғаны түсірілген видео тарады. Оның итті қасақана басып кеткісі келгені көрінеді. Соған байланысты Ақтау полициясы жануарға қатысты қатыгездік фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, видео 17 наурызда кешкі сағат бес шамасында Ақтаудағы бірінші шағын аудан жағалауында түсірілген, деп хабарлайды Lada.kz. Олар видеоға көлік жүргізушісінің қатыгез әрекеті толықтай түсірілмегенін айтты. Олардың сөзінше, жүргізуші басуға әрекет жасамас бұрын иттерге тас атқан. Автокөлік иесі басып кеткісі келген ит соңғы сәтте аман қалды. "Оны барлық әкімшілік бап бойынша жазалайды деп үміттенеміз. Бұл адам көліктен шығып, иттерге тас лақтыра бастады, содан кейін қайтадан көлікке отырды да, оларды әдейі басқысы келді. Оны видеоға түсіріп тұрғанымызды көргеннен кейін, бізге бейәдеп сөздер айтты", - дейді оқиға куәгерлері. Патрульдік полиция қызметкерлері тәртіпбұзушының жеке басын анықтады. Ол жауапкершілікке тартылады. Қалалық полиция қабылданған шешім туралы ақпарат қосымша хабарланатынын жеткізді.
https://sputnik.kz/20210718/it-video-17631857.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/371/94/3719491_161:0:2892:2048_1920x0_80_0_0_ef4c5860e9127e95380b2137cc4d0eac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ер адам, ит, ақтау
Ақтауда ер адам иттерге тас атып, көлікпен қуды – видео
10:27 18.03.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Көлік жүргізушісі итті әдейі басып кеткісі келген, оның жеке басы анықталды
ЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісі көшеде иттерді жоғары жылдамдықпен қуғаны түсірілген видео тарады.
Оның итті қасақана басып кеткісі келгені көрінеді. Соған байланысты Ақтау полициясы жануарға қатысты қатыгездік фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, видео 17 наурызда кешкі сағат бес шамасында Ақтаудағы бірінші шағын аудан жағалауында түсірілген, деп хабарлайды
Lada.kz.
Олар видеоға көлік жүргізушісінің қатыгез әрекеті толықтай түсірілмегенін айтты. Олардың сөзінше, жүргізуші басуға әрекет жасамас бұрын иттерге тас атқан. Автокөлік иесі басып кеткісі келген ит соңғы сәтте аман қалды.
"Оны барлық әкімшілік бап бойынша жазалайды деп үміттенеміз. Бұл адам көліктен шығып, иттерге тас лақтыра бастады, содан кейін қайтадан көлікке отырды да, оларды әдейі басқысы келді. Оны видеоға түсіріп тұрғанымызды көргеннен кейін, бізге бейәдеп сөздер айтты", - дейді оқиға куәгерлері.
Патрульдік полиция қызметкерлері тәртіпбұзушының жеке басын анықтады. Ол жауапкершілікке тартылады. Қалалық полиция қабылданған шешім туралы ақпарат қосымша хабарланатынын жеткізді.