Қоғам

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Алматыда "EDEN LIFE" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания ретінде жұмыс істеген "EDEN LIFE" қаржы пирамидасының қызметін анықтады.
Ұйымдастырушылар азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынып, басқа салымшылар қаражатын тарту арқылы пайда болған қаржыдан сыйақы берілетінін айтқан.
Қаржы (инвестициялық) пирамидасын адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы құру және оған басшылық ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ агенттік "EDEN LIFE" қызметін пайдаланған азаматтар болса, Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне хабарласуды сұрап отыр.
Жаңалықтар
0