https://sputnik.kz/20220317/toqaev-nur-sultan-akim-23600949.html
Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімінің жұмысын жоғары бағалады
Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімінің жұмысын жоғары бағалады
Sputnik Қазақстан
Президент Алтай Көлгінов басқаратын әкімдіктің жұмысын мақұлдап, бірқатар нақты тапсырма берді 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T17:28+0500
2022-03-17T17:28+0500
2023-08-09T12:22+0500
алтай көлгінов
қасым-жомарт тоқаев
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/02/08/16232461_0:32:3531:2018_1920x0_80_0_0_a2c6872f94b52609536bb4d2bea0a287.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың сайты.Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.Президентке биыл 28 500 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғаны баяндалды. Оның 24 мыңы тұрақты жұмыс орны болмақ. Сонымен қатар инженерлік желілерді жаңғырту, көпірлер мен жолдардың құрылысы, тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері туралы айтылды.Қала әкімінің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үйлер жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда кезекте тұрған азаматтарға әлеуметтік пәтерлер салынуда.Бұдан бөлек, биыл 300-ден астам отбасы апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерден көшіріледі. 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешіліп, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтауға инвесторлардың жеке қаражаты тартылған. Сонымен қатар білім беру орындары, медициналық орталықтар және басқа да әлеуметтік нысандар салынады.Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктің жұмысын мақұлдап, елорданы дамыту мен абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/08/16232461_400:0:3131:2048_1920x0_80_0_0_6a41c0a04e2e8bcea1d197c8d3c584fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтай көлгінов, қасым-жомарт тоқаев, астана
алтай көлгінов, қасым-жомарт тоқаев, астана
Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімінің жұмысын жоғары бағалады
17:28 17.03.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Президент Алтай Көлгінов басқаратын әкімдіктің жұмысын мақұлдап, бірқатар нақты тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың
сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.
Президентке биыл 28 500 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғаны баяндалды. Оның 24 мыңы тұрақты жұмыс орны болмақ. Сонымен қатар инженерлік желілерді жаңғырту, көпірлер мен жолдардың құрылысы, тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері туралы айтылды.
Қала әкімінің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үйлер жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда кезекте тұрған азаматтарға әлеуметтік пәтерлер салынуда.
Бұдан бөлек, биыл 300-ден астам отбасы апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерден көшіріледі. 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешіліп, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтауға инвесторлардың жеке қаражаты тартылған. Сонымен қатар білім беру орындары, медициналық орталықтар және басқа да әлеуметтік нысандар салынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдіктің жұмысын мақұлдап, елорданы дамыту мен абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.