https://sputnik.kz/20220317/toqaev-europalyq-qayta-quru-zhane-damu-bankini-23606701.html
Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысымен кездесу өткізді
Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысымен кездесу өткізді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс... 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T21:12+0500
2022-03-17T21:12+0500
2022-03-17T21:12+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/old/288/61/2886122_0:44:320:224_1920x0_80_0_0_25df35d81a65de02afa9fd0a7add05bf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Кездесу барысында транзиттік тасымал, экономиканы декарбонизациялау, қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына көңілі толатынын атап өтті.Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды, 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Қазақстанның көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу жөнінде мәлімдеген мақсаттары аясындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін нақтылады.Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Қазақстанға кезекті рет сапармен келуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/288/61/2886122_0:14:320:254_1920x0_80_0_0_5874a8045fca3e64a5cec4f9544b3c24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында транзиттік тасымал, экономиканы декарбонизациялау, қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына көңілі толатынын атап өтті.
"Өзара ықпалдастық аясында зор нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая беретініне сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.
Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды, 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Қазақстанның көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу жөнінде мәлімдеген мақсаттары аясындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін нақтылады.
Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Қазақстанға кезекті рет сапармен келуге шақырды.