Сенатта жеке мәлімет алмасуға қатысты заң қабылданды

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутат, отырыс
Депутат, отырыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
Келісімге сәйкес, тараптар арасында сұрау салынған ақпараттар үшінші мемлекеттер мен ұйымдарға берілмейді
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Сенаторлар "Дербес дерек алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңды қабылдады.
Құжатта ТМД елдерінің құзіретті органдары арасында жеке мәліметпен алмасу ережесі көрсетілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң бойынша ТМД елдері азаматтардың бірнеше жеке мәліметімен алмасады. Олар:
азаматтықтың бар-жоғы;
жеке куәлік сияқты құжаттар;
көші-қон органдарында есепте тұрған адамдар;
шетелдіктерге берілген визалар;
жылжымайтын мүлік немесе мүлікке қатысты міндеттемелер;
қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат.
Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтың айтуынша, өзара ақпарат алмасудың арқасында қос азаматтықты алу фактілерін де анықтап отыруға болады.
Сондай-ақ, ТМД-да тұратын адам жеке куәлігін жоғалтса, құжатты рәсімдеген мемлекетке сұрау салып, жеке тұлғасын жылдам анықтауға мүмкіндік бар. Тұрғылықты жері де шығады. Ал қылмыстық немесе әкімшілік жазаға тарту туралы мәлімет шықса, екіжақты құқықтық көмек шаралары басталады.

"Азаматтардың жеке мәліметтерін алу үшін құзіретті органдар алдымен сол елге ресми түрде сұрау салады. Ал жауап беру мерзімі сауал түскен күннен бастап екі айдан аспауға тиіс", - деді Қожаев сенаттың жалпы отырысында.

Ал сұрау салған ақпарат тараптардың егемендігіне, қауіпсіздігіне, азаматтарының нәсілі, жынысы, этникалық шығу тегі мен сенім-нанымдары бойынша қудалау мақсатында болса, екінші құқықтық көмектен бас тартуға құқылы.
Келісімге сәйкес, тараптар арасында сұрау салынған ақпараттар үшінші мемлекеттер мен ұйымдарға берілмейді. Ал жеке мәліметтер толығымен қорғалады.
Жаңалықтар
0