Видео

Сарапшылар Тоқаевтың жолдауын талқылады – видео

Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурызда парламентте жариялаған "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты жолдауы елдегі басты саяси оқиға болды
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен дөңгелек үстелде саясаттанушылар, тарихшылар, сарапшылар жолдаудың маңызды тұстарын талқылады.
Мемлекет басшысы бір күн бұрын Қазақстан халқына жолдауын жариялап, онда еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын.
Президент ұсынған реформалар азаматтардың өміріне қалай әсер ететінін, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар қалай дамитынын екі мемлекеттің сарапшылары талқылады.
Пікірталасқа қатысқан сарапшылар
Саясаттанушы, "Еуразиялық мониторинг" аналитикалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев;
Eurasian Expert Council қоғамдық қорының жетекшісі Шыңғыс Лепісбаев;
Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры Таисия Мармонтова;
Қазақстан әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Лидия Пархомчик;
Ресей ғылым академиясы Е.М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институты Посткеңестік зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Станислав Притчин (РФ);
Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Игорь Савин (РФ);
Тарих ғылымдарының докторы, Ресей халықтар достығы университетінің халықаралық қатынастар теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры, "Посткеңестік зерттеулер" журналының редакторы Константин Курылев (РФ);
"Север-Юг" саясаттану орталығының атқарушы директоры Анжелика Трапезникова (РФ).
Сарапшылар қандай қорытынды жасағанын видеодан көріңіз
Жаңалықтар
0