Оқиға

Рудный тұрғыны көршісі мен оның төрт жасар баласын керосин құйып, өртеп жіберді

© Photo : pixabay.comЖанып жатқан сіріңке
Жанып жатқан сіріңке - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
Мұндай қатігездікке көршілер арасындағы жанжал себеп болған
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының полиция департаменті Рудный қаласы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ер адам көрші әйел мен оның төрт жасар баласын керосин құйып, өртеп жіберген.
Жантүршігерлік оқиға жайлы Facebook-те өңірлік полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков жазды.
16 наурызда Рудный қаласы басқармасының кезекшілік бөліміне хабарлама түскен.
44 жастағы ер адам көршілерінің пәтеріне барған. Оған есік ашқан кезде, ол 32 жастағы әйел мен баласының үстіне керосин құйып, өртеп жіберген.
Кішкентай бала қатты зардап шекті.
"Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 40%-тен астамын күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Әйелдің қолдары күйген. Ер адамның мұндай әрекетке баруына көршілер арасындағы жанжал себеп болғаны анықталды", - деп нақтылады Ерлан Омарбеков.
Алматы облысында ер адам өз үйін өртеп жіберді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Оқиға
Алматы облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам үйін өртеп жіберді
Күдікті ұсталды, қазір қамауда отыр.
Оған қатысты адам өміріне қастандық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0