https://sputnik.kz/20220317/resey-prezidenti-onirler-zhiyny-23592542.html
Ресей президенті өңірлер жиынында не айтты
Ресей президенті өңірлер жиынында не айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбіде Ресей өңірлерін әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары жөнінде кеңес өткізді. Ол... 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T13:33+0500
2022-03-17T13:33+0500
2022-03-17T13:34+0500
әлем
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1e/17494818_0:0:2503:1409_1920x0_80_0_0_17341acf2c542186c0fb1e5c0ba9abd0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбіде Ресей өңірлерін әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары жөнінде кеңес өткізді. Ол Ресейде "ақша басып шығаруды" қажет етпейтіндей деңгейде ресурс жеткілікті екенін айтты. Украинадағы операцияРесей Украинада арнайы операция бастаған болатын. "Бізде өзімізді қорғау үшін арнайы әскери операцияны бастаудан басқа амал қалмады. Алға қойылған барлық мақсат сөзсіз орындалады, сарбаздар мен офицерлер нағыз ерлік танытып, бейбіт халық арасында өлім болмауы үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр", - деп есептейді Путин. Санкциялар Путиннің ойынша, Батыс бәрібір Мәскеуге қарсы санкция енгізетін еді: "Тежеу саясаты, соның ішінде экономикалық оқшаулау құралдарын қолдану – бұл саналы түрде жүргізілетін ұзақ мерзімді стратегия".Ресейлік резервтерді бұғаттау арқылы АҚШ пен Еуроодақ Мәскеуге "нағыз дефолт" жариялады және " енді кез келген адам қаржы резерві тоналуы мүмкін екенін біледі". Олардың әрекеті ресейлік бизнеске үлкен сабақ болды – "өз еліңе салым салғаннан артық сенімді ештеңе жоқ", - деп санайды Путин. "Мен Майамиде немесе Француз Ривьерасында вилласы бар, фуа-гра жеуден бас тарта алмайтын және "жоғары элитаға" кіруді көздейтіндерді сөкпеймін. Көп мемлекет белін бүгіп, басқаның ырқына көнуге дайын", - деді Путин. Экономиканы қайта құру"Соңғы онжылдықтарда дамушы елдерге, жалпы бүкіл әлемге міндеттелген экономикаалық үлгіге қатысты күмән тудырып отыр", - деді РФ президенті. "Ресей экономикасы жаңа шынайылыққа міндетті түрде бейімделеді. Жаңа жағдайда экономикаға тереңдетілген құрылымдық өзгерістер қажет болатыны сөзсіз. Олар оңай болмайтыны және уақытша инфляция өсімі мен жұмыссыздықққа алып келетіні де анық. Бұл жағдайда біз сын-қатерді мейлінше азайтуға әрекет етуіміз қажет", - деп жалғастырды ол.Путин билік Ресей халқының бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз етіп, кедейлік деңгейін төмендетуі керек екенін атап өтті. Сондай-ақ ол санкцияларға байланысты компаниялардың шешіміне де тоқталды. "Ресейде қалып, жұмысын жалғастырып жатқан компанияларды жоғары бағалаймыз. Алдағы уақытта оларға даму үшін қосымша мүмкіндіктер беріледі", - деді Путин. Ресей әрекеті Жақын уақытта көрші елдің билігі ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін, бюджет қызметкерлерінің жалақысын және барлық әлеуметтік төлемді, соның ішінде жәрдемақы мен зейнетақыны өсірмек. Сонымен қатар жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау шараларын кеңейтуді жоспарлап отырған көрінеді."Біз сыртқы қысымға мейлінше кәсіпкерлік еркіндікпен және бизнес бастаманы қолдаумен қарсы тұра аламыз". Сондай-ақ, мемлекеттік келісімшарттар бойынша аванс төлемдері кемінде 50%-ті құрайды (үкімет 80%-ке дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр), ал кәсіпкерлерге даму институттары тарапынан қаржыландыру мүмкіндіктері кеңейтіледі, деді Ресей президенті.Ресей өңірлеріне қосымша өкілеттік берілмек. Қаржы министрлігі оларға Федерацияның белгілі бір субъектісі кірісінің 10%-і көлемінде кредит желілерін ашады.Инфрақұрылымдық кредиттер көлемі сақталады және қажет болған жағдайда ұлғайтылады деп отыр. Ресейлік өңірлер биыл бюджеттік кредиттер бойынша төлемдерден босатылып, коммерциялық кредит бойынша төлемдер қажет болған жағдайда бюджеттік төлемдермен ауыстырылады.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1e/17494818_66:0:2241:1631_1920x0_80_0_0_3f3a053f848cd97d31460dc61d087ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбіде Ресей өңірлерін әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары жөнінде кеңес өткізді. Ол Ресейде "ақша басып шығаруды" қажет етпейтіндей деңгейде ресурс жеткілікті екенін айтты.
Ресей Украинада арнайы операция бастаған болатын.
"Бізде өзімізді қорғау үшін арнайы әскери операцияны бастаудан басқа амал қалмады. Алға қойылған барлық мақсат сөзсіз орындалады, сарбаздар мен офицерлер нағыз ерлік танытып, бейбіт халық арасында өлім болмауы үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр", - деп есептейді Путин.
Путиннің ойынша, Батыс бәрібір Мәскеуге қарсы санкция енгізетін еді: "Тежеу саясаты, соның ішінде экономикалық оқшаулау құралдарын қолдану – бұл саналы түрде жүргізілетін ұзақ мерзімді стратегия".
Ресейлік резервтерді бұғаттау арқылы АҚШ пен Еуроодақ Мәскеуге "нағыз дефолт" жариялады және " енді кез келген адам қаржы резерві тоналуы мүмкін екенін біледі". Олардың әрекеті ресейлік бизнеске үлкен сабақ болды – "өз еліңе салым салғаннан артық сенімді ештеңе жоқ", - деп санайды Путин.
"Мен Майамиде немесе Француз Ривьерасында вилласы бар, фуа-гра жеуден бас тарта алмайтын және "жоғары элитаға" кіруді көздейтіндерді сөкпеймін. Көп мемлекет белін бүгіп, басқаның ырқына көнуге дайын", - деді Путин.
"Соңғы онжылдықтарда дамушы елдерге, жалпы бүкіл әлемге міндеттелген экономикаалық үлгіге қатысты күмән тудырып отыр", - деді РФ президенті.
"Ресей экономикасы жаңа шынайылыққа міндетті түрде бейімделеді. Жаңа жағдайда экономикаға тереңдетілген құрылымдық өзгерістер қажет болатыны сөзсіз. Олар оңай болмайтыны және уақытша инфляция өсімі мен жұмыссыздықққа алып келетіні де анық. Бұл жағдайда біз сын-қатерді мейлінше азайтуға әрекет етуіміз қажет", - деп жалғастырды ол.
Путин билік Ресей халқының бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз етіп, кедейлік деңгейін төмендетуі керек екенін атап өтті. Сондай-ақ ол санкцияларға байланысты компаниялардың шешіміне де тоқталды.
"Ресейде қалып, жұмысын жалғастырып жатқан компанияларды жоғары бағалаймыз. Алдағы уақытта оларға даму үшін қосымша мүмкіндіктер беріледі", - деді Путин.
Жақын уақытта көрші елдің билігі ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін, бюджет қызметкерлерінің жалақысын және барлық әлеуметтік төлемді, соның ішінде жәрдемақы мен зейнетақыны өсірмек. Сонымен қатар жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау шараларын кеңейтуді жоспарлап отырған көрінеді.
"Біз сыртқы қысымға мейлінше кәсіпкерлік еркіндікпен және бизнес бастаманы қолдаумен қарсы тұра аламыз". Сондай-ақ, мемлекеттік келісімшарттар бойынша аванс төлемдері кемінде 50%-ті құрайды (үкімет 80%-ке дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр), ал кәсіпкерлерге даму институттары тарапынан қаржыландыру мүмкіндіктері кеңейтіледі, деді Ресей президенті.
Ресей өңірлеріне қосымша өкілеттік берілмек. Қаржы министрлігі оларға Федерацияның белгілі бір субъектісі кірісінің 10%-і көлемінде кредит желілерін ашады.
Инфрақұрылымдық кредиттер көлемі сақталады және қажет болған жағдайда ұлғайтылады деп отыр. Ресейлік өңірлер биыл бюджеттік кредиттер бойынша төлемдерден босатылып, коммерциялық кредит бойынша төлемдер қажет болған жағдайда бюджеттік төлемдермен ауыстырылады.