Қайрат Сатыбалдыұлының әйелі ұсталды

© Sputnik / Болат ШайхиновКайрат Сатыбалдыулы
Кайрат Сатыбалдыулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға рейдерлік жолмен бизнесті тартып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
"Осы жылдың 16 наурызында Ғ.Сатыбалды Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қайрат Сатыбалды Алматы облысының аумағында ұсталған. Ол Дубайға ұшып кетпек болды.
Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.
Жаңалықтар
0