Қайрат Боранбаев қамауға алынды

© Sputnik / Сергей КимҚайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
Белгілі бизнесмен аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Бизнесмен Қайрат Боранбаев 2 ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
"Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
17 наурызда сот 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды.
Айта кетейік, ықпалды бизнесменнің ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері тарап жатыр. Бірақ бұл дерек бүгінге дейін ресми түрде расталған жоқ.
Боранбаев – ірі кәсіпкер, ол Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's жылдам тамақтану желісінің иесі.
Боранбаев – ірі кәсіпкер, ол Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі.
Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима 2020 жылдың тамыз айында қайтыс болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан. Олардың Амели есімді қызы мен Сұлтан есімді ұлы бар.
Жаңалықтар
0