https://sputnik.kz/20220317/qaqpa-gimarat-shymkent-oqiga-23593301.html
Қақпадан секіріп, ғимаратқа қарай жүгірді - Шымкентте түсірілген видеоның мән-жайы
Қақпадан секіріп, ғимаратқа қарай жүгірді - Шымкентте түсірілген видеоның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Шымкенттегі мамандандырылған ХҚКО ғимаратына барған бір топ адам Қазнетті таңғалдырды 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T13:58+0500
2022-03-17T13:58+0500
2022-03-17T13:58+0500
өңірлер
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e6/03/11/23592907_0:0:817:460_1920x0_80_0_0_4473739d6c1944c86b0b5be94f354ad3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желілерде Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын-сонар кезектің видеосы тарап жатыр.Кадрда адамдар қақпадан секіріп өтіп, ғимаратқа қарай жүгіреді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі оқиға Шымкенттегі №1 мамандандырылған ХҚКО-да болғанын растады. Тұрғындар С1 (жүк газелі) санатындағы жүргізуші куәлігіне практикалық емтихан тапсыруға барған."Бұл қаладағы екі автодромның бірінде жабдықтарды жөндеу жұмысының жүргізілуімен байланысты. Мамандандырылған ХҚКО-ның өзі штаттық режимде жұмыс істеді және клиенттерді көлікті қайта тіркеу және теориялық емтихан тапсыру бойынша қабылдады",-деді Sputnik Қазақстан тілшісіне баспасөз қызметінде.Сондай-ақ, ақпанның соңында автодром өз жұмысын жандандырып, көлік жүргізудің барлық санаты бойынша клиенттерді қабылдай бастады. Алайда, осы уақыт ішінде практикалық емтихан тапсырғысы келетін адамдар саны көбейді. №1 мамандандырылған ХҚКО-ға тек Шымкент қаласының тұрғындары ғана емес (халық саны 1 миллионға жуық адам), сонымен қатар бүкіл Түркістан облысының тұрғындары (халық саны - 2 миллионнан астам адам) жүгінетіні де жағдайды ушықтырған."Көп адам келуіне байланысты қазіргі уақытта мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс уақыты ұзартылды. Сондай-ақ, С1 санаты бойынша емтихан қабылдауға қосымша көлік бөлінді. С-1 санатындағы көлікке GPS-датчиктер орнатылады. Бұл уақытта практикалық емтиханды Шымкент полициясының өткізу мәселесі пысықталып жатыр", - деп толықтырды баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта Түркістан облысында мамандандырылған ХҚКО ашу мәселесі шешіліп жатыр. 19, 20 және 23 наурызда Шымкент қаласының №1 мамандандырылған ХҚКО штаттық режимде 8.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/11/23592907_0:0:751:563_1920x0_80_0_0_2c0cf33cbf3ee317ad40e30e81cbdf9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
Қақпадан секіріп, ғимаратқа қарай жүгірді - Шымкентте түсірілген видеоның мән-жайы
Шымкенттегі мамандандырылған ХҚКО ғимаратына барған бір топ адам Қазнетті таңғалдырды
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желілерде Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын-сонар кезектің видеосы тарап жатыр.
Кадрда адамдар қақпадан секіріп өтіп, ғимаратқа қарай жүгіреді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі оқиға Шымкенттегі №1 мамандандырылған ХҚКО-да болғанын растады. Тұрғындар С1 (жүк газелі) санатындағы жүргізуші куәлігіне практикалық емтихан тапсыруға барған.
"Бұл қаладағы екі автодромның бірінде жабдықтарды жөндеу жұмысының жүргізілуімен байланысты. Мамандандырылған ХҚКО-ның өзі штаттық режимде жұмыс істеді және клиенттерді көлікті қайта тіркеу және теориялық емтихан тапсыру бойынша қабылдады",-деді
Sputnik Қазақстан тілшісіне баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, ақпанның соңында автодром өз жұмысын жандандырып, көлік жүргізудің барлық санаты бойынша клиенттерді қабылдай бастады. Алайда, осы уақыт ішінде практикалық емтихан тапсырғысы келетін адамдар саны көбейді. №1 мамандандырылған ХҚКО-ға тек Шымкент қаласының тұрғындары ғана емес (халық саны 1 миллионға жуық адам), сонымен қатар бүкіл Түркістан облысының тұрғындары (халық саны - 2 миллионнан астам адам) жүгінетіні де жағдайды ушықтырған.
"Көп адам келуіне байланысты қазіргі уақытта мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс уақыты ұзартылды. Сондай-ақ, С1 санаты бойынша емтихан қабылдауға қосымша көлік бөлінді. С-1 санатындағы көлікке GPS-датчиктер орнатылады. Бұл уақытта практикалық емтиханды Шымкент полициясының өткізу мәселесі пысықталып жатыр", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Түркістан облысында мамандандырылған ХҚКО ашу мәселесі шешіліп жатыр. 19, 20 және 23 наурызда Шымкент қаласының №1 мамандандырылған ХҚКО штаттық режимде 8.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.