Өзбекстаннан Ақтөбеге ұшатын рейстерді Ақтау әуежайы қабылдайды

© Photo : пресс-служба правительства КР / Алишер АлиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
Әуе компаниясы бағдарды өзгертуге мәжбүр болғанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Ақтөбедегі халықаралық әуежайдың уақытша жұмысты тоқтатуына байланысты Нүкіс – Ақтөбе – Нүкіс рейстерінің бағдары өзгерді, деп хабарлады Uzbekistan Airways әуе компаниясы.
"2022 жылдың 17, 22 және 24 наурызында жоғарыда аталған рейстер Нүкіс – Ақтау – Нүкіс бағдары бойынша орындалады", - деп түсіндірді әуе компаниясы.
Рейс жолаушылары билетті сатып алған орындардан толық құнын талап етіп, оны қайтарып беруге құқылы.
Еске сала кетейік, кеше Air Astana әуе компаниясы Ақтөбе әуежайының жабылуына байланысты 17 наурыз бен 17 сәуір аралығындағы рейстердің тоқтатылғанын хабарлады.
Бүгін SCAT және Qazaq Air рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлады. SCAT Ақтөбеге ұшуды 31 наурызға (қоса алғанда) дейін, ал Qazaq Air 23 наурызға дейін тоқтатты.
Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова әуежайы Қазақстан Авиация әкімшілігінің шешімімен 17-27 наурыз аралығында жөндеу жұмыстарына жабылды.
Жұма, 11 наурызда Азаматтық авиация комитеті 2022 жылдың 17 наурызынан бастап кемшіліктер жойылғанға дейін Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалануға болмайтынын хабарлады. Тексеру барысында әуежай тақталарының босауы, жарықшақ, мастиканың ыдырауы сияқты ақаулар анықталған.
Ақтөбе әуежайынан 5 бағытқа (Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Түркістан) аптасына 52 ішкі жолаушылар рейсі, сондай-ақ басқа елдердің төрт қаласына (Стамбұл, Тбилиси, Қазан, Нүкіс) аптасына 9 рейс орындалады.
Көктегі ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Қоғам
Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы жөндеуге жабылады
Жаңалықтар
0