https://sputnik.kz/20220317/otbasy-bank-saytynda-aqau-23590219.html
"Отбасы банк" сайтында ақау пайда болды
"Отбасы банк" сайтында ақау пайда болды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар тұрғын үй банкі сайтының жұмысында ақау бар екенін, сол себепті зейнетақының бір бөлігін пайдалану үшін өтінім беру кезінде қиындық туындағанын... 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T12:24+0500
2022-03-17T12:24+0500
2022-03-17T12:34+0500
қоғам
отбасы
банк
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1c/19001503_0:1:1500:845_1920x0_80_0_0_fe5faa8643343fe6f7bbe6cad664cdda.jpg
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. "Отбасы банк" enpf-otbasy.kz платформасының істен шығуына қатысты түсініктеме берді. Соның салдарынан қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ипотека алуға немесе төлем жасауға өтінім бере алмай отыр. Жақында әлеуметтік желі қолданушылары сайтқа кіріп, өтініш бере алмай отырғанын жазды. Банктің баспасөз қызметі жүйенің істен шығуы туралы ақпаратты растады және мамандандырылған бөлімшелер келіп түскен өтінімдерді жеке-жеке пысықтап жатқанын хабарлады. Тұрғын үй банкі қолданыстағы жеткіліктілік шегі 2022 жылдың бірінші сәуіріне дейін жарамды. www.enpf-otbasy.kz платформасында зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтінімдер 2 жұмыс күні ішінде өңделеді және БЖЗҚ-ға жолданады. Сол себепті зейнетақысын бұрынғы жеткіліктілік шегімен пайдаланғысы келетіндер 29 наурызға дейін өтінім беруі керек. БЖЗҚ мәліметінше, 1-15 наурыз аралығында қор тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға байланысты 109 мың өтінішті орындады. Ал ақпанда бұл көрсеткіш 86 мың болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1c/19001503_186:0:1314:846_1920x0_80_0_0_0066cdcf74cae61394fe2eaea6b3debb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
enpf-otbasy.kz отбасы банк енпф пенсионные зейнетақы
enpf-otbasy.kz отбасы банк енпф пенсионные зейнетақы
"Отбасы банк" сайтында ақау пайда болды
12:24 17.03.2022 (жаңартылды: 12:34 17.03.2022) Қазақстандықтар тұрғын үй банкі сайтының жұмысында ақау бар екенін, сол себепті зейнетақының бір бөлігін пайдалану үшін өтінім беру кезінде қиындық туындағанын айтты
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. "Отбасы банк" enpf-otbasy.kz платформасының істен шығуына қатысты түсініктеме берді. Соның салдарынан қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ипотека алуға немесе төлем жасауға өтінім бере алмай отыр.
Жақында әлеуметтік желі қолданушылары сайтқа кіріп, өтініш бере алмай отырғанын жазды. Банктің баспасөз қызметі жүйенің істен шығуы туралы ақпаратты растады және мамандандырылған бөлімшелер келіп түскен өтінімдерді жеке-жеке пысықтап жатқанын хабарлады.
"Өтініштердің көп болуына байланысты enpf-otbasy.kz платформасының жылдамдығы төмендегені байқалады, қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады "Отбасы банктің" баспасөз қызметі.
Тұрғын үй банкі қолданыстағы жеткіліктілік шегі 2022 жылдың бірінші сәуіріне дейін жарамды. www.enpf-otbasy.kz платформасында зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтінімдер 2 жұмыс күні ішінде өңделеді және БЖЗҚ-ға жолданады. Сол себепті зейнетақысын бұрынғы жеткіліктілік шегімен пайдаланғысы келетіндер 29 наурызға дейін өтінім беруі керек.
БЖЗҚ мәліметінше, 1-15 наурыз аралығында қор тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға байланысты 109 мың өтінішті орындады. Ал ақпанда бұл көрсеткіш 86 мың болған.