https://sputnik.kz/20220317/orys-qaruynyn-mumkindigi-qanday-23616497.html
Орыс қаруының мүмкіндігі қандай
Орыс қаруының мүмкіндігі қандай
Sputnik Қазақстан
Батыстың Киев режиміне қару-жарақ жеткізуі ресейлік техниканың әлдеқайда озық екенін, НАТО технологиялық тұрғыдан кейін келе жатқанын аңғартып тұр. Ресей... 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T22:42+0500
2022-03-17T22:42+0500
2022-03-18T16:21+0500
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23228674_0:0:3179:1788_1920x0_80_0_0_69324acf4e80ad447d6e2fd6c31e9f3b.jpg
Батыстың Киев режиміне қару-жарақ жеткізуі ресейлік техниканың әлдеқайда озық екенін, НАТО технологиялық тұрғыдан кейін келе жатқанын аңғартып тұр. Ресей Украинаның екінші Ауғанстан болуына жол бермейді. Сондықтан арнайы әскери операцияны бастапқы мақсатқа сай аяқтайды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.16 наурызда АҚШ президенті Джозеф Байден осы аптада Украинаға 1 миллиард доллар көлемінде америкалық әскери көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Бір күн бұрын Байден Киевке 13,6 миллиард долларға әскери көмек беруді қарастыратын құжаттар пакетіне қол қойды.Жақын уақытта Ақ үй Киев режиміне 800 дана Stinger жылжымалы зениттік зымыран кешенін, 2000 дана Javelin танкке қарсы басқарылатын зымыран, 6000 дана АТ-4 танкке қарсы жүйе, 7000 дана атыс қаруын (оның ішінде, 5000 винтовка, 400 пулемет, 400 бытыралы мылтық), 20 миллион оқ-дәрі және 100 дана танк пен броньдалған техниканы жоюға арналған Switchblade-600 пилотсыз ұшатын техника ұсынады.Хроленконың пікірінше, ресейлік әскердің құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі технологиялық үстемдігі жоғары. Украина Қарулы күштері арнайы операцияның алғашқы күнінен-ақ қорғанысқа және кері шегінуге көшкен. Украиндерге тиесілі әскери басқару пунктері, арсеналдар, аэродромдар, әскери-әуе күштері, әскери-ғарыш күштерінің құралдары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және броньдалған техниканың шамамен 80 проценті істен шығарылды.Құрлықтағы әскер ресейлік авиациядан қаладағы шағын аудандарда тығылып жатыр. Украина Қарулы күштерінің ірі жедел тобы Донбаста қоршауға алынды. Мариуполь залалсыздандыруға жақын. Чернигов гарнизонының танк бригадасының қимылы жан-жақтан бұғатталды, ол Киевке қарай жылжи алмайды. Украина Қарулы күштерінің негізгі гарнизондарының барлығында дерлік осындай жағдай қалыптасқан. Ресей әскері Украина аумағында – Киевтен Николаевқа, Харьковтан Львовқа дейін дәлдігі жоғары зымыран, бомба және артиллериялық соққы жасап жатыр.Украинадағы Ресейдің арнайы әскери операциясының алғашқы 20 тәулігінде батыстың әскери техникасының жай-күйі мәлім болды. Ресейлік әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйелері түрік "Байрактарларын" күн сайын атып түсіріп жатыр. 24 ақпаннан бастап Украина Қарулы күштерінің 123 пилотсыз ұшатын аппараты қиратылды. Жарнамасы жер жарған "Джавелиндер" ресейлік Т-72 және Т-80 танктерінің броньді қаптамасын тесіп өтуге қауқарсыз. Киев маңындағы шайқас кезінде ресейлік десантшылар қолданылмаған Javelin мен британдық NLAW танкке қарсы кешендерінің үлкен көлемін басып алды. Жалпы "Джавелин" өте күрделі кешен, ол 50 секундта сегіз операцияны орындауы қажет. Сондықтан тәжірибесіз сарбаздар "Джавелиндерді" қолдана алмайды.Бұған дейін аталған АҚШ-тың танкке қарсы Switchblade-600 пилотсыз техникасы соғыс жағдайында тексеруден өтпеген. Бұл аппаратты Украинаға жөнелту мәселесі АҚШ Конргесінде әлі келісілген жоқ. Американың "Стингер" жылжымалы зениттік зымыран кешендері Ресейдің әскери-ғарыш күштеріне тиесілі ұшақтар мен тікұшақтарды құлата алмайды. Ал Ұлыбританияның Украинаға "Стингер" баламасы саналатын Starstreak жылжымалы зениттік зымыран кешенін жіберуі жағдайды өзгерте алмайды.Ақ үй АҚШ "украиндерге алыс қашықтықта әрекет ететін әуедегі шабуылға қарсы қорғаныстың қосымша құралдарын сатып алуға көмектесіп жатқанын" мәлімдеді. Бұл кеңестік С-300 кешендеріне қатысты айтылды. Америкалықтар шығысеуропалық одақтастарына шығын орнын толтыруға және 24 наурызда НАТО-ның кезектен тыс саммитінде келісімді заңдастыруға уәде етті. Словакия келісті.Америкалық CNN арнасы Пентагондағы ақпарат көзіне сілтеме жасап, АҚШ кеңестік С-300ПМУ (Грекия, Болгария, Словакия), С-300В (АҚШ), орташа қашықтықтағы "Бук-М1" (Финляндия мен Грузиядан), "Оса" зениттік зымыран кешенінің модификацияларын (Болгария, Грекия, Грузия, Польша) Кевке тапсыруға дайын екенін хабарлады.Ұлыбритания Польшада Sky Sabre әуедегі шабуылға қарсы су жаңа қорғаныс кешенін және 100 әскери маманды шоғырландырып жатыр. Ал Sky Sabre әскери тиімділігі жағынан кеңестік С-300-ден әлдеқайда кейіндеп қалады."Өткен тәулікте Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі украиндердің Ми-24 пен Ми-8 тікұшағын, сондай-ақ 12 пилотсыз ұшатын техниканы, 11 зениттік зымыран кешенін жойды. "Точка-У" кешеніне арналған зымырандар сақтаулы болған Ровен облысындағы оқ-дәрі қоймасының көзі жойылды", деп жазды ресейлік әскери шолушы.
https://sputnik.kz/20220310/ukraina-resey-syrtqy-ister-23431828.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23228674_353:0:3084:2048_1920x0_80_0_0_f6bd983892cf19e15bdec044777b4f5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Батыстың Киев режиміне қару-жарақ жеткізуі ресейлік техниканың әлдеқайда озық екенін, НАТО технологиялық тұрғыдан кейін келе жатқанын аңғартып тұр. Ресей Украинаның екінші Ауғанстан болуына жол бермейді. Сондықтан арнайы әскери операцияны бастапқы мақсатқа сай аяқтайды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
16 наурызда АҚШ президенті Джозеф Байден осы аптада Украинаға 1 миллиард доллар көлемінде америкалық әскери көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Бір күн бұрын Байден Киевке 13,6 миллиард долларға әскери көмек беруді қарастыратын құжаттар пакетіне қол қойды.
Жақын уақытта Ақ үй Киев режиміне 800 дана Stinger жылжымалы зениттік зымыран кешенін, 2000 дана Javelin танкке қарсы басқарылатын зымыран, 6000 дана АТ-4 танкке қарсы жүйе, 7000 дана атыс қаруын (оның ішінде, 5000 винтовка, 400 пулемет, 400 бытыралы мылтық), 20 миллион оқ-дәрі және 100 дана танк пен броньдалған техниканы жоюға арналған Switchblade-600 пилотсыз ұшатын техника ұсынады.
Хроленконың пікірінше, ресейлік әскердің құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі технологиялық үстемдігі жоғары. Украина Қарулы күштері арнайы операцияның алғашқы күнінен-ақ қорғанысқа және кері шегінуге көшкен. Украиндерге тиесілі әскери басқару пунктері, арсеналдар, аэродромдар, әскери-әуе күштері, әскери-ғарыш күштерінің құралдары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және броньдалған техниканың шамамен 80 проценті істен шығарылды.
Құрлықтағы әскер ресейлік авиациядан қаладағы шағын аудандарда тығылып жатыр. Украина Қарулы күштерінің ірі жедел тобы Донбаста қоршауға алынды. Мариуполь залалсыздандыруға жақын. Чернигов гарнизонының танк бригадасының қимылы жан-жақтан бұғатталды, ол Киевке қарай жылжи алмайды. Украина Қарулы күштерінің негізгі гарнизондарының барлығында дерлік осындай жағдай қалыптасқан. Ресей әскері Украина аумағында – Киевтен Николаевқа, Харьковтан Львовқа дейін дәлдігі жоғары зымыран, бомба және артиллериялық соққы жасап жатыр.
Украинадағы Ресейдің арнайы әскери операциясының алғашқы 20 тәулігінде батыстың әскери техникасының жай-күйі мәлім болды. Ресейлік әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйелері түрік "Байрактарларын" күн сайын атып түсіріп жатыр. 24 ақпаннан бастап Украина Қарулы күштерінің 123 пилотсыз ұшатын аппараты қиратылды. Жарнамасы жер жарған "Джавелиндер" ресейлік Т-72 және Т-80 танктерінің броньді қаптамасын тесіп өтуге қауқарсыз. Киев маңындағы шайқас кезінде ресейлік десантшылар қолданылмаған Javelin мен британдық NLAW танкке қарсы кешендерінің үлкен көлемін басып алды. Жалпы "Джавелин" өте күрделі кешен, ол 50 секундта сегіз операцияны орындауы қажет. Сондықтан тәжірибесіз сарбаздар "Джавелиндерді" қолдана алмайды.
Бұған дейін аталған АҚШ-тың танкке қарсы Switchblade-600 пилотсыз техникасы соғыс жағдайында тексеруден өтпеген. Бұл аппаратты Украинаға жөнелту мәселесі АҚШ Конргесінде әлі келісілген жоқ. Американың "Стингер" жылжымалы зениттік зымыран кешендері Ресейдің әскери-ғарыш күштеріне тиесілі ұшақтар мен тікұшақтарды құлата алмайды. Ал Ұлыбританияның Украинаға "Стингер" баламасы саналатын Starstreak жылжымалы зениттік зымыран кешенін жіберуі жағдайды өзгерте алмайды.
Ақ үй АҚШ "украиндерге алыс қашықтықта әрекет ететін әуедегі шабуылға қарсы қорғаныстың қосымша құралдарын сатып алуға көмектесіп жатқанын" мәлімдеді. Бұл кеңестік С-300 кешендеріне қатысты айтылды. Америкалықтар шығысеуропалық одақтастарына шығын орнын толтыруға және 24 наурызда НАТО-ның кезектен тыс саммитінде келісімді заңдастыруға уәде етті. Словакия келісті.
Америкалық CNN арнасы Пентагондағы ақпарат көзіне сілтеме жасап, АҚШ кеңестік С-300ПМУ (Грекия, Болгария, Словакия), С-300В (АҚШ), орташа қашықтықтағы "Бук-М1" (Финляндия мен Грузиядан), "Оса" зениттік зымыран кешенінің модификацияларын (Болгария, Грекия, Грузия, Польша) Кевке тапсыруға дайын екенін хабарлады.
Ұлыбритания Польшада Sky Sabre әуедегі шабуылға қарсы су жаңа қорғаныс кешенін және 100 әскери маманды шоғырландырып жатыр. Ал Sky Sabre әскери тиімділігі жағынан кеңестік С-300-ден әлдеқайда кейіндеп қалады.
"Өткен тәулікте Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі украиндердің Ми-24 пен Ми-8 тікұшағын, сондай-ақ 12 пилотсыз ұшатын техниканы, 11 зениттік зымыран кешенін жойды. "Точка-У" кешеніне арналған зымырандар сақтаулы болған Ровен облысындағы оқ-дәрі қоймасының көзі жойылды", деп жазды ресейлік әскери шолушы.