Әлем

Иранның оңтүстік жағалауында жүк кемесі суға батып кетті

© AFP 2024Иранның оңтүстік жағалауында жүк кемесі батып кетті
Иранның оңтүстік жағалауында жүк кемесі батып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
Біріккен Араб Әмірліктерінің жүк кемесі Иран жағалауында апатқа ұшырады
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Иран жағалауында жүк кемесі апатқа ұшырады.
IRNA агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, кеме Біріккен Араб Әмірліктеріндегі компанияға тиесілі. Кеме Парсы шығанағындағы Иранның оңтүстік жағалауында суға кетті.
Оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр, кемеде кемінде 30 адам болған, деп жазды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Біріккен Араб Әмірліктерінің көлік тасымалдаған кемесі Ассалуйе ауданынан 48 километр қашықтықта бір сағат бұрын суға батып кетті. 30 экипаж мүшесін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді басқарма қызметкері Ходжат Хосвари.
Апатты жағдайдың туындауына қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Құтқару жилеттерін киіп, кеме жанындағы суда жүрген адам саны кемінде 30 болуы керек. Оларға қарай бет алған құтқару кемесі де апатқа ұшырады. Билік адамдарды құтқару үшін тікұшақ жұмылдыруды сұрады.
Жаңалықтар
0