Аңдатпа

Қазақстанда 18 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© REUTERS / TURAR KAZANGAPOVАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18-20 наурыз аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
18 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09:00 – Үкімет отырысы. Отырыстың күн тәртібінде мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызындағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қарастырылады.
10:00 – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің сайлау процесі мәселелері бойынша жастармен кездесуі. Кездесудің өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік 4, 1-қабат, конференц-зал. Іс-шараға БАҚ-ты 2022 жылдың 17 наурызы сағат 18:30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) тіркеуге болады: +7 701 711 54 95; +7 (7172) 75-23-69; +7 (7172) 75 21 03.
10.00 – Балалар жылына арналған 2006-2007, 2008-2009 жылы туған мектеп оқушылары арасында бокстан ашық республикалық турнир. Ұйымдастырушылар: "Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ, бокстан КСРО спорт шебері Сағидолла Әбділов. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан, Орлыкөл көшесі, 15, "ҚазТБУ" колледжінің спорт залы.
11:00 – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларды тапсырады. Өтетін орны – "Қазмедиа орталығы", 21-қабат. Журналистер үшін баспасөз орталығы ұйымдастырылады. Тел: + 7 707 942 05 97, 74 10 31 Mail: internetsmi.mic@gmail.com Айдана Балтабаева.
11:00 - "Эмитент күні" жобасы шеңберінде KASE алаңында "Қазақтелеком" АҚ бас қаржы директоры Асхат Өзбековпен онлайн-кездесу өтеді. Ол компанияның 2021 жылғы негізгі нәтижелеріне, операциялық және қаржы көрсеткіштеріне тоқталып, жүзеге асыру жоспарланып отырған серпінді жобалар туралы хабардар етеді. Қатысу үшін онлайн тіркелу қажет. Тіркелген барлық қатысушыға ZOOM платформасындағы онлайн-кездесуге сілтеме жіберіледі. Сұрақты customer@kase.kz поштасына жолдау керек.
12.30 – Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Наурыз мейрамын тойлау туралы" баспасөз маслихаты өтеді. Спикерлер: мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов; Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев (ZOOM); Нұр-сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
14.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде "Карантин шараларын алып тастау туралы" брифинг. Спикер: Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Трансляцияны Youtube және Facebook желілерінен көруге болады.
АЛМАТЫ
18:00 – Chaplin Mega Alma-Ata кинотеатрында (Розыбакиев көшесі, 247А) режиссер Дәрежан Өмірбаевтың "Ақын" фильмінің премьерасы.
19 наурызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10.00 – Балалар жылына арналған 2006-2007, 2008-2009 жылы туған мектеп оқушылары арасында бокстан ашық республикалық турнир. Ұйымдастырушылар: "Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ, бокстан КСРО спорт шебері Сағидолла Әбділов. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан, Орлыкөл көшесі, 15, "ҚазТБУ" колледжінің спорт залы.
20 наурызға жоспарланған шаралар

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0