https://sputnik.kz/20220316/zhana-qazaqstan-omir-toqaev-23560151.html
Президент: әрбір адамның өз қабілетін іске асыруына қолайлы жағдай жасаймыз
Президент: әрбір адамның өз қабілетін іске асыруына қолайлы жағдай жасаймыз
Sputnik Қазақстан
Ммемлекет басшысы "түрлі адамдардың қызметіне беретін бағасынан гөрі мемлекетті қорғап қалу маңызды" екенін ерекше атап өтті 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T14:25+0500
2022-03-16T14:25+0500
2022-03-16T14:25+0500
қоғам
қазақстан
президент
https://sputnik.kz/img/1212/41/12124130_30:0:3123:1740_1920x0_80_0_0_727d1f2c3f655df557d86446c8aafaf0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанның негізгі идеясын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Жаңа Қазақстанда біз "әртүрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт" қағидатын берік ұстануымыз қажет. Біз надандық, радикализм, масылдық пен жемқорлыққа қарсылық көрсетеміз. Қоғамда өзара жатсынуды еңсеріп, өзгерістерге деген сенімді жаңғыртуымыз қажет. Біз адамдардың еңбекқорлығы, дарыны мен энергиясына басымдық береміз. Әрбір адамның өз қабілетін іске асыруына қолайлы жағдай жасаймыз. Осылай ғана халқымыздың жасампаз әлеуетін арттыра аламыз", - деді Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында.Президенттің айтуынша, сонда ғана реформация дәуірі басталады. Халықтың өмірі түбегейлі өзгереді. "Сөзімнің соңында бір мәселеге ерекше тоқталғым келеді. Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы - еліміздің егемендігі. Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан басқа ешбір құндылық жоқ. Мені алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады", - деп атап көрсетті Тоқаев. Осы орайда мемлекет басшысы "түрлі адамдардың қызметіне беретін бағасынан гөрі мемлекетті қорғап қалу маңызды" екенін ерекше атап өтті. "Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын. Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау мен үшін киелі парыз. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыруы бүгінгі буынның – болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын! Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік бола берсін", - деді президент.
https://sputnik.kz/20220316/akimder-toqaev-sheshim-23558897.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1212/41/12124130_459:0:2779:1740_1920x0_80_0_0_10ac9ab72a998c0ebabeff8cf7cee23c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев касым-жомарт токаев жолдау 2022 послание 2022
қасым-жомарт тоқаев касым-жомарт токаев жолдау 2022 послание 2022
Президент: әрбір адамның өз қабілетін іске асыруына қолайлы жағдай жасаймыз
Ммемлекет басшысы "түрлі адамдардың қызметіне беретін бағасынан гөрі мемлекетті қорғап қалу маңызды" екенін ерекше атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанның негізгі идеясын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жаңа Қазақстанда біз "әртүрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт" қағидатын берік ұстануымыз қажет. Біз надандық, радикализм, масылдық пен жемқорлыққа қарсылық көрсетеміз. Қоғамда өзара жатсынуды еңсеріп, өзгерістерге деген сенімді жаңғыртуымыз қажет. Біз адамдардың еңбекқорлығы, дарыны мен энергиясына басымдық береміз. Әрбір адамның өз қабілетін іске асыруына қолайлы жағдай жасаймыз. Осылай ғана халқымыздың жасампаз әлеуетін арттыра аламыз", - деді Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында.
Президенттің айтуынша, сонда ғана реформация дәуірі басталады. Халықтың өмірі түбегейлі өзгереді.
"Сөзімнің соңында бір мәселеге ерекше тоқталғым келеді. Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы - еліміздің егемендігі. Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан басқа ешбір құндылық жоқ. Мені алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы "түрлі адамдардың қызметіне беретін бағасынан гөрі мемлекетті қорғап қалу маңызды" екенін ерекше атап өтті.
"Осы жолда жауапкершіліктің бәрін мойныма алуға дайынмын. Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау мен үшін киелі парыз. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыруы бүгінгі буынның – болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын! Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік бола берсін", - деді президент.