https://sputnik.kz/20220316/zeynetaqy-tolemderi-qazaqstan-23547008.html
Жыл басынан бері 470,1 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
Жыл басынан бері 470,1 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 538 теңгеге жетті 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T09:50+0500
2022-03-16T09:50+0500
2023-08-11T11:40+0500
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/1436/48/14364842_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7748da153fbac967834ca2ca0e700851.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 470,1 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.1 наурыздағы жағдай бойынша елде 2 миллион 246 мыңнан астам зейнеткер бар. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 538 теңгені құрады.Айта кетері, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ңн құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.Егер бір ай ішінде МЗЖ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1436/48/14364842_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8e59b2230885a64855b7590b6283c15f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
Жыл басынан бері 470,1 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
09:50 16.03.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 538 теңгеге жетті
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 470,1 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.
"2022 жылдың ақпанында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,8 миллиард теңге бөлінді", - деп түсіндірді екңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
1 наурыздағы жағдай бойынша елде 2 миллион 246 мыңнан астам зейнеткер бар. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 538 теңгені құрады.
Айта кетері, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ңн құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.
Егер бір ай ішінде МЗЖ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.