https://sputnik.kz/20220316/ulanbatyr-reys-almaty-23557733.html
Ұланбатырдан ұшқан алғашқы тұрақты рейс Алматыға қонады
Ұланбатырдан ұшқан алғашқы тұрақты рейс Алматыға қонады
Sputnik Қазақстан
Рейс аптасына бір рет орындалады 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T13:25+0500
2022-03-16T13:25+0500
2022-03-16T13:25+0500
моңғолия
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1131/02/11310244_0:180:3005:1870_1920x0_80_0_0_43bd15992312d923d2c37492e38c18a1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Бүгін Ұланбатыр – Алматы бағдары бойынша "Хунну эйр" әуе компаниясының алғашқы тұрақты рейсі Алматы халықаралық әуежайына қонады.Моңғолиядан Алматыға бағыт алған алғашқы рейс бүгін сағат 15:00-де қонады.Бизнес-класта 6 және эконом-класта 92 орын қарастырылған жолаушылар рейсі аптасына бір рет Embraer E190 ұшағымен орындалады.Бұл бағытта әуе рейсін ашу аясындағы келіссөз 2019 жылдың қазанынан бері жалғасқанын айта кету керек."Жаңа рейстер іскерлік мақсатта жол жүретін және демалуға келген жолаушыларға Алматы қаласымен танысуға мүмкіндік береді. Жаңа рейс екі ел арасындағы экономика және мәдениет саласындағы жемісті ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашып отыр", - деп мәлімдеді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
моңғолия
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1131/02/11310244_137:0:2868:2048_1920x0_80_0_0_a98f99f9df2c236c5e4006641c09a6a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
моңғолия, қазақстан
Ұланбатырдан ұшқан алғашқы тұрақты рейс Алматыға қонады
Рейс аптасына бір рет орындалады
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Бүгін Ұланбатыр – Алматы бағдары бойынша "Хунну эйр" әуе компаниясының алғашқы тұрақты рейсі Алматы халықаралық әуежайына қонады.
Моңғолиядан Алматыға бағыт алған алғашқы рейс бүгін сағат 15:00-де қонады.
Бизнес-класта 6 және эконом-класта 92 орын қарастырылған жолаушылар рейсі аптасына бір рет Embraer E190 ұшағымен орындалады.
Бұл бағытта әуе рейсін ашу аясындағы келіссөз 2019 жылдың қазанынан бері жалғасқанын айта кету керек.
"Жаңа рейстер іскерлік мақсатта жол жүретін және демалуға келген жолаушыларға Алматы қаласымен танысуға мүмкіндік береді. Жаңа рейс екі ел арасындағы экономика және мәдениет саласындағы жемісті ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашып отыр", - деп мәлімдеді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.