https://sputnik.kz/20220316/sodyrlar-prezident-23550104.html
Біз содырларды өз күшімізбен жеңдік – президент
Біз содырларды өз күшімізбен жеңдік – президент
Sputnik Қазақстан
Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс, деді Тоқаев 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T10:39+0500
2022-03-16T10:39+0500
2022-03-16T10:39+0500
тәртіпсіздік
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094917_0:153:3007:1844_1920x0_80_0_0_864e9a49f2d0a1ec9053a62890f98c5d.jpg
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішінен шыққан сатқындардың опасыздық әрекеті құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Президент олар содырлармен күресте мемлекетімізді жанқиярлықпен қорғағанын айтты. Ол сондай-ақ бүлікшілердің елді ыдырату үшін ойына келгенін істегенін айтып, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болғанын жеткізді.Мемлекет басшысының мәліметінше, жағдай тұрақтанғаннан кейін екі аптадан соң қарулы контингент Қазақстаннан шығарылды."Бітімгершілік миссиясының маңызды рөлін жоққа шығаруға болмайды, бірақ түптеп келгенде біз содырларды өз күшімізбен жеңдік. Осы орайда жеке мәселеге тоқталғым келеді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да өз бауырларымыз, олар елмен бірге екенін, қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді", - деді Тоқаев."Отан алдындағы антына адал болып, мемлекетімізді жанқиярлықпен қорғады. Мен сын сағатта қатерге қаймықпай қарсы тұрған тәртіп сақшыларына ризашылық білдіремін", - деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20220316/toqaev-qantar-oqigasy-tergeu-23548795.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094917_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_18dbc3ea199de21a8aaa56710ac150cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік, қасым-жомарт тоқаев
тәртіпсіздік, қасым-жомарт тоқаев
Біз содырларды өз күшімізбен жеңдік – президент
Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс, деді Тоқаев
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішінен шыққан сатқындардың опасыздық әрекеті құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент олар содырлармен күресте мемлекетімізді жанқиярлықпен қорғағанын айтты. Ол сондай-ақ бүлікшілердің елді ыдырату үшін ойына келгенін істегенін айтып, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болғанын жеткізді.
"Бұл қадам ішкі және халықаралық нормаларға сай жүзеге асырылды. Бітімгершілік күштері елімізде бір де бір оқ атқан жоқ. Стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Бұған алдын ала жасалған келісім нәтижесінде қол жеткіздік", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының мәліметінше, жағдай тұрақтанғаннан кейін екі аптадан соң қарулы контингент Қазақстаннан шығарылды.
"Бітімгершілік миссиясының маңызды рөлін жоққа шығаруға болмайды, бірақ түптеп келгенде біз содырларды өз күшімізбен жеңдік. Осы орайда жеке мәселеге тоқталғым келеді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да өз бауырларымыз, олар елмен бірге екенін, қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді", - деді Тоқаев.
"Отан алдындағы антына адал болып, мемлекетімізді жанқиярлықпен қорғады. Мен сын сағатта қатерге қаймықпай қарсы тұрған тәртіп сақшыларына ризашылық білдіремін", - деп түйіндеді президент.