Саяси партияларды тіркеу жеңілдейді

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель, архивтегі фото
Портфель, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Президенттің айтуынша, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең төменгі саны үштен бірге қысқарады
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында саяси партияларды тіркеу жеңілдейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең төменгі шегі үш есе төмендейді, осылайша 600 адамнан 200 адамға дейін азаяды", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең төменгі саны үштен бірге қысқарады. Яғни, мың адамнан 700 адамға дейін азайтылады.
 Аманат партиясының Нұр-Сұлтандағы кеңсесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Тоқаев AMANAT партиясының төрағасы қызметінен кетеді
Жаңалықтар
0