https://sputnik.kz/20220316/qayrat-satybaldy-terroristik-uyymdar-23548337.html
Қайрат Сатыбалды террористік ұйымдарды қаржыландырды деген ақпарат жоқ – Әбілқасымова
Қайрат Сатыбалды террористік ұйымдарды қаржыландырды деген ақпарат жоқ – Әбілқасымова
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қамауға алынған Елбасының немере інісі Қайрат... 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T10:15+0500
2022-03-16T10:15+0500
2022-03-16T10:15+0500
терроризм
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/462/83/4628307_0:62:2016:1196_1920x0_80_0_0_7faebfba6fd472f604b10244fa04ccf9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қамауға алынған Елбасының немере інісі Қайрат Сатыбалдының террористік ұйымдарды қаржыландырғаны туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.Айтуынша, барлық қаржы реттеушісі бірлескен бұйрық қабылдаған, банктер мониторинг процедурасын күшейтіп жатыр."Барлық ақпарат қаржы мониторингі агенттігіне жіберіледі, менің қолымда қандай да бір террористерді қаржыландырумен байланысты мәлімет жоқ.Қайрат Сатыбалдының террористік ұйымдарды қаржыландырғаны туралы ақпарат бізде жоқ", - деп түйіндеді ол.Айта кетері, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Қайрат Сатыбалды Алматы облысының аумағында ұсталған. Ол Дубайға ұшып кетпек болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/462/83/4628307_170:0:1846:1257_1920x0_80_0_0_cc0896216f351f7267a39db6f650aad9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризм, қаржыландыру
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қамауға алынған Елбасының немере інісі Қайрат Сатыбалдының террористік ұйымдарды қаржыландырғаны туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.
"Бізде ақша жылыстату мен терроризмді қаржыландыру бойынша операцияларды бақылауды күшейтуге қатысты бірлескен бұйрық бар. Оның аясында ақпан айының басында барлық шара күшейтілді", - деді Әбілқасымова.
Айтуынша, барлық қаржы реттеушісі бірлескен бұйрық қабылдаған, банктер мониторинг процедурасын күшейтіп жатыр.
"Барлық ақпарат қаржы мониторингі агенттігіне жіберіледі, менің қолымда қандай да бір террористерді қаржыландырумен байланысты мәлімет жоқ.Қайрат Сатыбалдының террористік ұйымдарды қаржыландырғаны туралы ақпарат бізде жоқ", - деп түйіндеді ол.
Айта кетері, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қайрат Сатыбалды Алматы облысының аумағында ұсталған. Ол Дубайға ұшып кетпек болды.