Бір күнде үш адам пойыз астына түсе жаздады

© AP Photo / Michael ProbstТеміржол, архивтегі фото
Теміржол, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Олардың барлығы теміржол рельстерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Елімізде бір күнде үш адам пойыз астына түсіп қала жаздады, деп хабарлады ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Қазақстанда бір тәулікте теміржол көлігін шұғыл тежеу бойынша оннан астам оқиға тіркелген. Соның ішінде үш адам пойыздың астына түсіп кете жаздаған. Бұл фактілер Алматы облысында, Ақтөбе және Нұр-Сұлтан қалаларында болды", - деді департамент бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.
Оның сөзінше, тексеру барысында ол азаматтардың көлік полицейлерінің тұрақты ескертуіне қарамастан, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені анықталды.
Қырағылық танытқан машинистер теміржол құрамын дер кезінде тоқтатып, қайғылы оқиғаның алдын алған. Үш құқық бұзушыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 5-бөлігі (теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қобландин сондай-ақ теміржол төсемі жанында мал бағу мәселесі өзекті болып отырғанын айтты.
Пойызды бес рет шұғыл тежеудің нәтижесінде малды басып кетудің алды алынды, алайда үй жануарын қағып кетудің екі фактісі тіркелді.
Теміржол маңында жайылып жүрген мал иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, оларға айыппұл салынды.
14-16 наурыз аралығында теміржолдағы шұғыл тежеу, басып кету, жарақат алу фактілерінің алдын алу мақсатында департаменттің қызмет көрсету аумағында "Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!" акциясы өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0