https://sputnik.kz/20220316/parlament-deputattar-prezident-23556324.html
Парламент құрылымы өзгеріп, депутаттар азаяды – президент тапсырмасы
Парламент құрылымы өзгеріп, депутаттар азаяды – президент тапсырмасы
Sputnik Қазақстан
Тоқаев сенатқа мәжіліс қабылдап қойған заңдарды мақұлдауға немесе мақұлдамауға өкілеттік беру нормасын енгізу қажет деп санайды 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T12:43+0500
2022-03-16T12:43+0500
2022-03-16T12:43+0500
парламент
үкімет
https://sputnik.kz/img/23/89/238976_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_3dc0b6e0453b321f6922924d4932eb6b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент жұмысына өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тоқаев алдымен сенаттағы президенттік квотаны азайту қажет деп санайды. Енді мемлекет басшысының ұсынысымен сайланатын 15 депутаттың саны 10-ға дейін қысқарады.Осылайша, Қазақстан ассамблеясының мәжілістегі квотасы сенатқа ауыстырылады және 5 депутатқа дейін қысқарады. Соның нәтижесінде төменгі палатадағы депутаттық мандаттардың саны азаяды. Ал ассамблея мүшелері – сан алуан ұлт өкілдері сенатта отырады."Мәжілісте барлық электорат өкілдері отыруға тиіс. Ешкімге жасанды артықшылық берілмеуі шарт", - деп атап өтті президент.Сондай-ақ Тоқаев мәжіліс пен сенаттың өкілеттіктерін өзгертуді ұсынды. Бүгінде заң бойынша сенат мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын қабылдайды, я болмаса, қайтарып жібереді. Осылайша, мәжіліс жоғары палатаның қарсылығын еңсере алмайды."Парламенттің теңгерімді жүйесін қалыптастыру үшін осы тәжірибені қайта қарауымыз қажет. Сенатқа мәжіліс қабылдап қойған заңдарды мақұлдауға немесе мақұлдамауға өкілеттік беру нормасын енгізу қажет деп санаймын. Осылайша мәжіліс заңдарды қабылдау құқығына ие болады", - деді мемлекет басшысы.Сенатқа тағы бір өкілеттік беріледі. Жоғары палата депутаттары Коституциялық кеңес пен Жоғарғы сот кеңесі басшылығына ұсынылатын кандидаттарды қарайды.
https://sputnik.kz/20220316/toqaev-amanat-partiya-23552072.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/89/238976_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_fcb4c341e45a756d2668bdd9c95533f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
парламент, үкімет
Парламент құрылымы өзгеріп, депутаттар азаяды – президент тапсырмасы
Тоқаев сенатқа мәжіліс қабылдап қойған заңдарды мақұлдауға немесе мақұлдамауға өкілеттік беру нормасын енгізу қажет деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент жұмысына өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев алдымен сенаттағы президенттік квотаны азайту қажет деп санайды. Енді мемлекет басшысының ұсынысымен сайланатын 15 депутаттың саны 10-ға дейін қысқарады.
"Мен сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10-ға дейін қысқартуға шешім қабылдадым. Соның ішінде бесеуі Қазақстан халқы ассамблеясынан ұсынылады. Оларды бұрынғыдай ассамблея отырысында сайлайды", - деді Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында.
Осылайша, Қазақстан ассамблеясының мәжілістегі квотасы сенатқа ауыстырылады және 5 депутатқа дейін қысқарады. Соның нәтижесінде төменгі палатадағы депутаттық мандаттардың саны азаяды. Ал ассамблея мүшелері – сан алуан ұлт өкілдері сенатта отырады.
"Мәжілісте барлық электорат өкілдері отыруға тиіс. Ешкімге жасанды артықшылық берілмеуі шарт", - деп атап өтті президент.
Сондай-ақ Тоқаев мәжіліс пен сенаттың өкілеттіктерін өзгертуді ұсынды. Бүгінде заң бойынша сенат мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын қабылдайды, я болмаса, қайтарып жібереді. Осылайша, мәжіліс жоғары палатаның қарсылығын еңсере алмайды.
"Парламенттің теңгерімді жүйесін қалыптастыру үшін осы тәжірибені қайта қарауымыз қажет. Сенатқа мәжіліс қабылдап қойған заңдарды мақұлдауға немесе мақұлдамауға өкілеттік беру нормасын енгізу қажет деп санаймын. Осылайша мәжіліс заңдарды қабылдау құқығына ие болады", - деді мемлекет басшысы.
Сенатқа тағы бір өкілеттік беріледі. Жоғары палата депутаттары Коституциялық кеңес пен Жоғарғы сот кеңесі басшылығына ұсынылатын кандидаттарды қарайды.