https://sputnik.kz/20220316/konstitutsiya-ozgeris-23554645.html
Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіледі
Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T11:52+0500
2022-03-16T11:52+0500
2022-03-16T11:53+0500
қазақстан
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/962/87/9628706_0:132:2500:1538_1920x0_80_0_0_e24a0b24ca7d73ba21fc464f5b951e39.jpg
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құруда қолға алынып отырған бастамалар өте ауқымды екенін, ол елдің саяси жүйесі мен әімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек.Оның айтуынша, билік елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірісті. Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа-тұс келіп отыр."Қазіргі халықаралық ахуал Қазақстанға да әсер ететіні анық, бірақ заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз", - деді Тоқаев.Президенттің айтуынша, осы жолда жұртымызға ауызбіршілік керек, ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет."Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен саралауға тиіспіз. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Бұл нені білдіреді? Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды", - деді Тоқаев.Мемлекет басшысы әрбір азаматтың Конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеді. Маңызды шешімдер жұртшылық қатысуымен қабылданады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/962/87/9628706_138:0:2363:1669_1920x0_80_0_0_d04f3ac6f0d79e5ae46e0f88997ffdd4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қасым-жомарт тоқаев
қазақстан, қасым-жомарт тоқаев
Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіледі
11:52 16.03.2022 (жаңартылды: 11:53 16.03.2022) Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құруда қолға алынып отырған бастамалар өте ауқымды екенін, ол елдің саяси жүйесі мен әімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек.
"Заң жобасын әзірлеп, оны қабылдау едәуір уақыт алатын күрделі жұмыс. Сондықтан оған аса жауапкершілікпен қараған жөн. Сондай-ақ ішкі-сыртқы сын-қатерлерді мұқият ескеруіміз қажет", - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, билік елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірісті. Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа-тұс келіп отыр.
"Қазіргі халықаралық ахуал Қазақстанға да әсер ететіні анық, бірақ заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, осы жолда жұртымызға ауызбіршілік керек, ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет.
"Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен саралауға тиіспіз. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Бұл нені білдіреді? Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы әрбір азаматтың Конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеді. Маңызды шешімдер жұртшылық қатысуымен қабылданады.