Есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құрылады

© Photo : Pixabay / Shutterbug75Калькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет, деді Тоқаев
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Елімізде орайда есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құрылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлімдеді.
"Төменгі палатаның құзіретін кеңейту қажет. Елімізде көптеген ауқымды жоба, бағдарлама бар, бірақ түрлі себепке байланысты оларды жүзеге асыру барысы көңіл көншітпейді. Сондықтан парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын. Оның төрғасы мәжіліс депутаттары алдында жылына 2 рет есеп беруге тиіс", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, осылайша мәжілістің мәртебесі арта түседі.
Сондай-ақ президент азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн екенін айтты.
"Мықты мәслихаттар өзекті мәселенің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын", - деді Тоқаев.
Қазір мәслихат депутаттары мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді.
"Президенттің облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері қызметіне кемінде екі кандидатура енгізу құқығын белгілейтін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет. Осылайша, президент мәслихаттың қарау нәтижесін ескеріп, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтар
0