https://sputnik.kz/20220316/elimizde-konstitutsiyalyq-sot-qurylady-23552912.html
Президент Конституциялық сот құруды ұсынды
Президент Конституциялық сот құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елімізде Конституциялық сот құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik... 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T11:10+0500
2022-03-16T11:10+0500
2022-03-16T11:30+0500
сот
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/138/67/1386729_0:207:3872:2385_1920x0_80_0_0_0c1b155ae56a2b558cb4487e98b86860.jpg
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елімізде Конституциялық сот құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тоқаев көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар екенін айтып, оған кез келген адам өз сауалын жолдай алатынын айтты."Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын", - деді Тоқаев.Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болмақ. Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқығын қорғауды жақсартады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/138/67/1386729_208:0:3664:2592_1920x0_80_0_0_8fc5969dbcb24cef0ffeb0c27ce96a55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, қасым-жомарт тоқаев
Президент Конституциялық сот құруды ұсынды
11:10 16.03.2022 (жаңартылды: 11:30 16.03.2022) АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елімізде Конституциялық сот құруды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар. Ата заңымыз еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі. Алайда белгілі бір заң актісі немесе шешім оған сай келе ме деген сұраққа нақты жауап беруде қиындық тудыратын кездер болады. Қазақстандағы түрлі құқық нормаларын Конституциялық кеңес түсіндіреді, бірақ азаматтар осындай түсініктеме алу үшін бұл органға тікелей жүгіне алмайды", - деді президент.
Тоқаев көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар екенін айтып, оған кез келген адам өз сауалын жолдай алатынын айтты.
"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын", - деді Тоқаев.
Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болмақ. Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқығын қорғауды жақсартады.