https://sputnik.kz/20220316/ekibastuz-mektep-stadion-oqushy-23544913.html
Екібастұзда мектеп стадионында оқушыны есінен танғанша соққыға жыққан
Екібастұзда мектеп стадионында оқушыны есінен танғанша соққыға жыққан
Sputnik Қазақстан
Бала қазір ем алып жатыр, алайда мектеп басшылығы әлі күнге дейін оның жағдайын сұрамаған 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T08:49+0500
2022-03-16T08:49+0500
2022-03-16T13:30+0500
екібастұз
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1654a1c0e30a58d4e4617eca55aa9c05.jpg
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Екібастұзда мектепте соққыға жығылған жасөспірім ауруханаға түсті. Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желідегі жергілікті парақшаға хабарлаған.Ол ұлын 6-шы мектеп-лицейдің аумағында аяусыз ұрғанын айтты.Оның айтуынша, ұлы 9 наурызда ауруханадан шығарылды, бірақ мектеп қазірге дейін үнсіз отыр. Сондай-ақ мектеп басшылығы анасының полицияға жүгінгеніне наразылық танытқан. Ал ұлын соққыға жыққан бала мектепке барып жүр, оны тек есепке алған.Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факт полиция басқармасында тіркелді.Қазір зардап шеккен бала ем алып жатыр, содан кейін ғана сот-медициналық сараптама тағайындалады, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады."6-шы мектеп-лицейдің аумағында оқушылардың төбелес фактісі бойынша қазір алдын алу кеңесі өткізіліп жатыр. Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша мектеп басшылығы мен педагогтардың іс-әрекеттеріне баға беріледі", - деп хабарлады Екібастұз қаласының білім бөлімі.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_646:0:2897:1688_1920x0_80_0_0_7dc3561f98e424b61274ed40f6ae8b47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жасөспірім
Екібастұзда мектеп стадионында оқушыны есінен танғанша соққыға жыққан
08:49 16.03.2022 (жаңартылды: 13:30 16.03.2022) Бала қазір ем алып жатыр, алайда мектеп басшылығы әлі күнге дейін оның жағдайын сұрамаған
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Екібастұзда мектепте соққыға жығылған жасөспірім ауруханаға түсті. Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желідегі жергілікті парақшаға хабарлаған.
Ол ұлын 6-шы мектеп-лицейдің аумағында аяусыз ұрғанын айтты.
"Бас сүйек-миға зақым келген, миы шайқалған, мұрны сынған, жеңіл түрде тоңып қалған. Ол бірден есінен танған, аузынан көбік ағып... шок алған, оны футбол алаңында соққыға жыққан, ересектерден жанында ешкім болмаған! Ол жерде камера да жоқ", - деп жазды әйел.
Оның айтуынша, ұлы 9 наурызда ауруханадан шығарылды, бірақ мектеп қазірге дейін үнсіз отыр. Сондай-ақ мектеп басшылығы анасының полицияға жүгінгеніне наразылық танытқан. Ал ұлын соққыға жыққан бала мектепке барып жүр, оны тек есепке алған.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факт полиция басқармасында тіркелді.
Қазір зардап шеккен бала ем алып жатыр, содан кейін ғана сот-медициналық сараптама тағайындалады, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
"6-шы мектеп-лицейдің аумағында оқушылардың төбелес фактісі бойынша қазір алдын алу кеңесі өткізіліп жатыр. Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша мектеп басшылығы мен педагогтардың іс-әрекеттеріне баға беріледі", - деп хабарлады Екібастұз қаласының білім бөлімі.